Орталық туралы

Астана қаласының "Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" ЖШС өз қызметін Денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырады.
Негізгі міндеті:
салауатты өмір салтын насихаттау ұлттық саясатын жүзеге асыру
Мақсаты мен міндеттері:
салауатты өмір салты культін қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, өмір сүру ортасы мен тұрмыс-тіршілігін сауықтырудың түрлі жобалары мен механизмдерін енгізу арқылы жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру.
Қызметінің негізгі бағыттары:
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың, қауіп-қатер факторларының алдын алу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілік көрсету;
- Салауатты өмір салты бағдарламаларын жүзеге асыруда барлық бағынысты ұйымдармен, жергілікті атқарушы органдармен сектораралық ынтымақтастық құру;
- Халықтың әртүрлі топтарын сауықтыру бойынша жаңа технологиялар әзірлеу және енгізу;
- Салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыру және енгізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың, қауіп-қатер факторларының алдын алу және зиянды әдеттермен күресу, дене тәрбиесі мен спортпен айналысу бойынша халықтың әртүрлі топтарымен жұмыс жүргізу;
- Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу.
СӨСҚ қызметінің желісі мен құрылымы
Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы әкімшілік-шаруашылық бөлімнен және құрылымдық бөлімшелерден тұрады: алдын алу бағдарламалары бөлімі, ұйымдастыру-әдістемелік бөлім, жастар денсаулық орталығы.
МСАК ұйымдары мен қала стационарларында СӨС ұйымдастырушысы (барлығы 40 ұйым) лауазымы енгізілген. Қалалық МСАК ұйымдарында жасөспірімдер мен жастарға медициналық-әлеуметтік жәрдем көрсететін 12 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.
Ведомствоаралық жұмыс
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша сектораралық әрекеттестік Денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының "Адам денсаулығының әлеуметтік детерминанттарына ықпал ету үшін бағытталған сектораралық әрекеттестікті дамыту " 5.1.2.тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың құрамдас бөлігі халыққа салауатты өмір салтына қатысты білім мен дағдыларды қалыптастыруға бейімделген білім беру, жұртшылық пен бұқара халықтың назарын денсаулық сақтау мәселелеріне аудару және денсаулық нығайту бойынша маңызды мәселелерді қарастыру және жариялау үшін кең ауқымды акцияларды өткізу, кері ықпалды болдырмау болып табылады.
Орталық жұмысының әдістері мен нысандары алуан түрлі. Орталық халықтың мақсатты топтары арасында салауатты өмір салты қырлары бойынша дөңгелек үстелдер, баспасөз конференциялары, брифингтер, семинарлар, тренингтер, мастер-кластар, жылжымалы көрмелер, акциялар, инновациялық іс-шаралар өткізуді үйлестіреді.
Денсаулық қалыптастыру, сақтау және нығайту туралы халықтың ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша профилактикалық бағдарламалар енгізіледі:
- қауіпті жүріс-тұрыс факторлары - темекі шегу, шамадан тыс алкоголь тұтыну, есірткі тұтыну, сапасыз және пайдасыз тамақтану, төмен дене белсенділігінің алдын алу;
- әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақатаннудың алдын алу;
-инфекциялық аурулардың алдын алу.