Центр формирования здорового образа жизни
Показать меню
Қанайналымы жүйесі ауруларының алдын алу
Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні аясында қаланың барлық емдеу мекемелерінде қыркүйек айында іс-шаралар өткізіледі. Бұл іс-шаралар адамдардың өз денсаулықтарының қаншалықты маңызды екенін түсінулері үшін жүргізіледі, ал медицина ұйымдары болса, адам денсаулығының одан сайын мықты болуы үшін не істеу керектігі туралы шешімін тапты. Қазіргі қоғамның басты мәселесі - инфаркт, инсульт және бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін жоғарылататын гипертония болып келеді. Бақылауға алныбайтын гипертония соқырлыққа, аритмия және жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Әлемнің әрбір үшінші адамы гипертониямен ауырады. Жас ұлғайған сайын 20 жастан 40 жасқа дейін он адам ішінен бір адамға, 50-60 жас шамасында он адам ішінен бес адамға дейін гипертониямен науқастану артып отырады. Қазақстанда артериялық гипертония дамуы белең алуда. Халыққа артериялық гипертонияның асқыну салдары туралы ақпарат беру үшін, ауруды болдырмау үшін осы аурудың алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізу керек. Адамдардың гипертония туралы білместігі, оның қауіптілігін дұрыс бағаламауға, дәрігерлерге ерте кезеңнен бастап қаралмауға әкеледі. Кез-келген ауру бастапқы ерте кезеңінде жазылып кететіндігі бәрімізге мәлім. Осы бастапқы кезеңде ешқандай белгілер байқалмайды, тек АҚ деңгейі ғана көтеріледі. Өкінішке орай, жылдан жылға жастар мен жасөспірімдер арасында сырқаттанушылық жағдайы өрбуде. Темекі тарту, семіру, қозғалысы аз өмір салты, ішімдікке салыну, стресс сияқты қауіп факторлары гипертония ауруын тудырады. Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне арналған іс-шаралар медициналық ұйымдар басшылары тарапынан қолдау тауып, халқымыздың ынтасын арттырды. Осындай шаралар өтуінің арқасында көптеген адамдар өздерінде жоғары артериялық қысым бар екенін біліп, әрі қарай емделу үшін дәрігерлерге қаралатын болады.

СӨСҚО үйлестіруші дәрігері Ә.Маратова
Правила обращения граждан в службу скорой помощи
Прикрепление населения к поликлиникам
Прикрепление населения к поликлиникам