Центр формирования здорового образа жизни города Астаны
Показать меню
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу
Кейбір ЖЖБИ әр сексуалдық тері қатынас кезінде берілуі мүмкін. Сондай-ақ, ЖЖБИ тудыратын микроорганизмдер қан құю және тіндерді ауыстырып қондыру кезінде таралуы мүмкін. Көптеген ЖЖБИ, хламидиоз, гонорея, гепатит В, АИТВ, АПВ, ЖГВ-2 және сифилис аурулары анадан балаға жүктілік пен босану кезінде берілуі мүмкін.

ЖЖБИ алдын алу

Жүріс-тұрысты өзгерту жолдары және кеңестері

Жүріс-тұрысты өзгертуге бағытталған кеңестер мен шаралар ЖЖБИ (АИТВ қоса) алдын алу мен жоспарланбаған жүктілікті болдырмаудан тұрады:
  • сексуалдық мәселелер бойынша жан-жақты ақпараттандыру, ЖЖБИ және АИТВ қатысты тестілеуге дейінгі және одан кейінгі кеңестер;
  • қауіпсіз секс/қауіпті төмендетуге кеңестер, презервативтер қолдануды ұсыну;
  • халықтың негізгі және әлсіз топтары: жасөспірімдер, секс-индустриясының қызметкерлері, еркектермен сексуалды қатынастағы еркектер немесе есірткіні инемен салатын тұлғаларға арналған шаралар.

Кеңестер беру адамдардың ЖЖБИ белгілерін білулерін жақсартады және олардың медициналық көмекке жүгінуіне және де сексуалдық серіктеріне айтып ұсынуға ықпалын тигізеді. Өкінішке орай, қоғамның білімсіздігі, денсаулық сақтау орындарының қызметкерлерінің дайындықсыздығы және ЖЖБИ кеңінен таралу стигматизациясы осы шараларды кеңінен әрі тиімді қолдануға кедергісін тигізеді.

Тосқауылды тәсілдер

ЖЖБИ, АИТВ сақтанудың ең тиімді тәсілі презервативтерді тұрақты әрі дұрыс қолдану. Еркектерге арналған презервативтерге қарағанда, әйелдерге арналған презервативтер ұлттық бағдарламалармен қарастырылмаған.
Прикрепление населения к поликлиникам
Прикрепление населения к поликлиникам