Центр формирования здорового образа жизни города Астаны
Показать меню
Туберкулездің алдын алу
«Туберкулез» термині tuberculum («бұдырмақ») латын сөзінен туындайды, өйткені қабыну ошақтары-туберкулездік гранулемалар бұдырмаққа ұқсас келеді. Бұл ауруды Mycobacterium tuberculosis complex түрдегі микобактерия, яғни тікелей mycobacteria tuberculosis (МБТ) және оның жақын туыстары тудырады. Ең басты зақымдау ошағы – тынысалу жолдары (бронх, өкпе), кей кезде бұл микробактериялар лимфатикалық, нервтік және несеп-жыныстық жүйеде, қимыл-тірек аппаратында, теріде және де барлық ағзада толығымен (милиардық формасы) қабынуды тудырады.

Туберкулездің алдын алудың әлеуметтік бағыттылығы бар, бұл мемлекет масштабында экономикалық және санитариялық іс-шараларды өткізумен негізделеді. Бұл іс-шаралар:
  • халық өмірінің тұрмыстық-тұрғын үй жағдайларын жақсарту;
  • еңбек жағдайын оңтайландыру, өкпенің кәсіби ауруынан сақтандыру;
  • атмосфералық ауаны, су қоймаларды жерді ластаумен күресу, көгалдандыру, қоршаған ортаны сауықтыру, өнеркәсіптік гигиенаның санитариялық талаптарын сақтау;
  • тамақтану сапасын арттыру;
  • ішімдік, есірткі, темекі шегу, токсикоманиямен күресу;
  • дене шынықтыру және спортты, салауатты өмір салтын дамыту;
  • шипажайлық-курорттық мекемелер мен балалар сауықтыру орындарын молайту;
  • жануарлар және құстардың өнеркәсіптік өндіріс орындарында әлеуметтік және санитариялық-ветеринарлық іс-шараларды өткізу.

Флюорографиялық тексерулер
Туберкулездің алдын алуда ересектердің жаппай флюорографиялық тексерулерден өтуі тиімді жол болып саналады. Жылсайынғы тексеру адамдардың туберкулезбен науқастығын уақытында анықтауға көмектеседі. Туберкулездің алдын алуда флюорографиялық тексеру аурудың ерте кезеңдерінде емделуге мүмкіндік береді. Әр елдегі денсаулық сақтау органдарының материалдық техникамен жабдықталуына, нақты жағдайларына байланысты туберкулездің алдын алу мақсатында біртұтас немесе іріктемелі тексерулер өтеді. Іріктемелі тексерулердің бақылауында жұқтыру қаупі жоғары және туберкулездің салдарлық топтағы тұлғалары болуы керек.
Прикрепление населения к поликлиникам
Прикрепление населения к поликлиникам