Центр формирования здорового образа жизни города Астаны
Показать меню
Ішімдіктің алдын алу
Ішімдік – бұл спирттік сусындарды ішуге физикалық және психикалық әуестігі бар күрделі ауру. Әртүрлі жастағы ер және әйел адамдар, кей кезде жасөспірімдер мен балалар да ішімдіктің құрбаны болады.

Біздің қоғамымыздың міндеті адамдарды осы қауіптен қорғау, ішімдік салдары және оның дамуы туралы ақпараттың қол жетімдігі мен таралуына ықпал ету, дені сау адамдарға спирттік суысын ішудің қатерін түсіндіру, жаңадан ішуді бастап келе жатқан ішкіштерді тоқтату және науқастарға көмектесу. Бұл үшін қорғаныс факторларын нығайту (ішімдікті ішу жағдайлары) және қауіп факторларын төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу керек.

Қорғаныс факторлары:
  • Отбасындағы амандық, отбасы мүшелерінің берекелігі, өнегелі тәрбие, отбасындағы конфликттердің болмауы;
  • Жоғары интеллект деңгейі, физикалық және психикалық денсаулық, күйзелістерге деген төзімділік;
  • Молшылық, баспанамен қамтамасыздануы;
  • Үнемі медициналық бақылау;
  • Тұратын мекендегі қылмыстықтың төмен деңгейі;
  • Өзін-өзі жоғары бағалау, туындаған проблемаларды тиімді шешу қабілеті, қыспаққа шыдамдылығы, эмоциясын және өзінің жүріс-тұрысын бақылауда ұстай білу;
  • Қоғамдық нормаларды сақтау.

Қауіп факторлары:
  • Индивидтің психикалық және физикалық денсаулық проблемалары;
  • Ішкіш ата-анадан туылған және олардан тәрбие алған балалар;
  • Ішімдікті үнемі пайдаланатындармен сөйлесуі және құрдастарының қыспағына қарсы тұра алмауы;
  • Жеке бас қасиеттері (төмен интеллект, өзін-өзі төмен бағалауы, көңіл-күйінің ауыспалылығы, өз-өзіне сенімсіздігі, әлеуметтік нормаларды, құндылықтар және жүріс-тұрыс т.б. ұстануды қаламауы);
  • Жыныстық қатынасқа ерте түсу;
  • Отбасында жиі болатын конфликттер, отбасындағы төмен табыс;
  • Мектептегі төмен үлгерімі, оқығысы келмеуі;
  • Туыстармен, құрдастармен сөйлесу кездегі проблемалары.


Адам өмірінде әртүрлі оқиғалар, жағдайлар болады, оларға әртүрлі уақытта қорғаныс және қауіп факторлары ықпал етуі мүмкін.

Ішімдіктің алдын алу
Ішімдіктің алдын алу спирттік сусынға деген негативтік қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Осындай өмір салтын ұстанған адамның ішімдікке құмартуы соқпайды.

Ішімдік туындауын алдын алу шаралар тоқтатады. Алдын алу жұмысы әңгімелесу, семинарлар өткізу, тыңдаушыға ішімдіктің салдары мен қауіптілігі, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ықпал етудің басқа формаларымен түсіндіріп, жеткізу. Адам санасында ішімдіктің проблемаларды шешу құралы еместігі туралы түсінік қалыптасу керек. Спирттік сусындарды ішуші тұлғаларға психологиялық қолдау, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Ішімдік тек бір адамның өзіне ғана емес, оның отбасы мүшелеріне, жалпы қоғамға кесірін тигізеді. Қорытындылай келе айтпағымыз, сендіру және қорқытуға қарағанда салауатты өмір салтын қалыптастыру ішімдіктен сақтанудың ең тиімді жолы.
Прикрепление населения к поликлиникам
Прикрепление населения к поликлиникам