Центр формирования здорового образа жизни города Астаны
Показать меню
Онкологиялық аурулардың алдын алу
Обыр ауруы бүкіл дүниежүзінде болатын өлім-жітімнің (13%) негізгі себептерінің бірі болып келеді, бұл ауру Қазақстанда да орын алады. ДДҰ деректері бойынша 2005 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі аралықта медицинаның араласуынсыз обыр ауруынан 84 млн. адам өлуі мүмкін, ал 2020 жылға дейін бүкіл дүниежүзінде қатерлі ісікпен сырқаттанушылық және одан өлім-жітім көрсеткіш і 1,5-2 есеге артуы мүмкін.

Адамның өмір сүруінің ұзақтығы және халықтың дәулеттілігінің өсуімен, қатерлі ісіктерді анықтаушылықтың артуымен, ерте диагностикалауды енгізумен осындай аурудың өрбу тенденциясы Қазақстан Республикасы үшін де маңызды. Қатерлі ісіктен туындайтын сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткішінің артуын қоршаған ортаның бұзылуы, денсаулыққа зиянды әдеттердің кеңінен таралуы, адам өмірінің салтында елеулі өзгерістердің болуы айқындайды.

Обыр – бұл адам ағзасының кез-келген бөлігін зақымдайтын 100 астам аурудың жалпы белгісі. Обырдың өзіне тән белгілері – бұл аномальды жасушалардың пайда болуы, олардың жақын орналасқан органдарға өтуі және басқа органдарға таралуы (бұл үрдіс метастаз деп аталады). Обыр ауруымен кез-келген адам: жас сәби, әйел, еркек, жас пен кәрі, кедей мен бай адам да ауруы мүмкін. Бұл ауру дүниежүзінде кең таралған, өлім-жітім көрсеткіші көп аурулардың бірі. Гепатит В, адам папилломасы вирусын тудыратын инфекцияларға қарсы иммунизация мен салауатты өмір салтының арқасында обырдан өлімінің 30% жағдайын тоқтатуға болады. Танымал канцерогендер, темекі түтінінен аулақ болу арқылы обырдан өлімінің 40% жағдайын тоқтатуға болады. Аурудың басқа жағдайларын ерте анықтап, емдеп жазуға болады. Обырдың ең соңғы кезеңдерінде де паллиативтік күтім арқылы емделуші жағдайын жақсартуға болады.

Скринингтік бағдарламалар өткізу арқылы көптеген онкологиялық аурулар (еркектік без, тік ішек және жиек ішек, бауыр, асқазан, өңеш, жатыр мойны, тері, сүт бездерінің ісіктері) ерте кезеңде диагностикалануы мүмкін. Скринингтердің нәтижелілігі үшін халықтың осындай бағдарламаларға белсенді түрде қатысуы керек: дәрігерлердің ұсыныстарын орындап, тексерілуден өтулері керек.

СӨСҚО үйлестіруші дәрігері Ә. Маратова
Прикрепление населения к поликлиникам
Прикрепление населения к поликлиникам