Центр формирования здорового образа жизни города Астаны
Показать меню
Нашақорлықтың алдын алу
Нашақорлық көптеген қайғылы оқиғалардың, адам өлімінің себепшісі. Ата-ана махаббаты және материалдық қамдану бала бақытының қалтқысыз болуына жеткіліксіз.

Біріншіден нені білу керек?
Балаңыздың жүріс-тұрысын бақылаңыз! Нашақорлық бірнеше сағатта пайда болмайды, ол бір ай, не болмаса бірнеше ай көлемінде немесе оны үнемі қолданудың алдында дамиды. Дәл осы кезден бастап сіз балаңыздың жүріс-тұрысындағы өзгерістерді байқауыңыз мүмкін. Балаңыз әлі де болса науқас болып үлгермегендіктен, онымен терең түрде ашық әңгімелесу жеткілікті болуы мүмкін. Егер де сіз осы сәттен айрылып қалсаңыз, есірткіні қолдану үлкен дертке айналады.

Егер балаңыз есірткімен қатынасы болса, есірткіні қолданудың алғашқы белгілері туралы ақпарат арқылы сіз балаңызға дәл уақытында көмек көрсете аласыз.

Балаңыздың араласып жүрген ортасын білсеңіз де, оған үнемі бақылау жасап отырыңыз, оның есірткі қолданатындығын байқататын күмәнді белгілері:
  • Баланың тұйықтана түсуі (ата-анасымен қатынасы бұзылмаса да). Баланың «қыдырысы» көбейе түседі, үйден ерте кетіп, кеш келуі, үй тапсырмасын орындауға аз уақыт жұмсауы немесе үйдегілермен уақытты өткізбеуі;
  • Бала кеш жатып, таңертең төсектен тұрғысы келмеуі;
  • Оқуға ынтасы, қызығушылығы, хоббиі жоғалып, сабақтарға бармауы байқалады;
  • Оқу үлгерімі төмендейді;
  • Қаржы мәселелері туындап, ақша сұрауды жиілете түседі (егер үйдегі құнды заттар, ақша жоғала бастаса, бұл өте ойланатын жағдай!);
  • Балаңызда жаңадан күмәнды жолдастар пайда болады (алғашында балаңыз жақсы киінген, жақсы болып көрінетін нашақормен кездеседі) немесе бұрынғы жолдастарының жүріс-тұрыстары күмән тудыра бастайды;
  • Балаңызбен сыбырласып сөйлесетін болады, оқшауланып, түсініксіз сөздер айтады;
  • Бала көңіл-күйі әп-сәтте өзгеріп отырады, дау-дамайда селқостық танытса, тыныш кездегі жағдайда ашушаңдық білдіретін болады;
  • Бала қолдарының тамырынан ине салған орындарды көруге болады.

Мамандардың айтуынша, ата-ана еш ұялмастан бала сөзіндегі және қимылындағы түсініксіз және мазалайтын жайттарды ашық түрде сұрауы керек. Ата-ана «Адамда құпия болады ғой..» және «бәрінде осылай болады емес пе» деген тұжырымдармен өзін алдамауы керек. Есірткі мектептерде, түнгі клубтарда және т.б. жерлерде сатылады, өкінішке орай балаңыздың есірткіге соқтығуы әбден мүмкін.

Егер балаңыздан кептірілген шөп, шприцттерді, ұнтақ затты, түрлі-түсті таблеткаларды байқасаңыз, балаңыздың сіздің алдыңызда ақталғанын тыңдамаңыз. Бәрі де айдан анық.

Айғай-шу, дау-дамайдың еш көмегі жоқ. Бұл қауіпке әділ қарап, шындап кірісу керек.
Прикрепление населения к поликлиникам
Прикрепление населения к поликлиникам