Жұдырықтасу

Жұдырықтасудың жандануындағы алғышарттар

Жұдырықтасу – бұл қазақша күрестің жоғалған және қайта жанданған өзекті құрамдас бөлшегі. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен көпшілікке белгісіз Есет батыр туралы мынадай аңыз баршылық. Екі батыр ат үстінде ашық шайқаста кезігеді. Бір бірін жеңе алмаған қос батыр аттарынан түсіп алысады. Бірақ жерде Есет батырға біршама адам бір уақытта жабыла бастайды. Сонда жекпе жекте Есет қолымен, аяғымен, тізесімен және білегімен шабуыл жасайды, ал бұған қарсы келгендерін аспанға атып ұрып, бар күшімен жерге лақтырады. Сол уақытта басқалардың да жаны шығып жатты.

 

Жедел сұхбат

20 жасында ол тай боксы бойынша спорт шебері, Еуропа мен Азияның күміс және қола жеңімпазы, кәсіби күрестегі Абылай хан Белбеуінің иегері. Бұл – Талғат Баймұхамбетов, жұдырықтасу бойынша ашық турнирдің қатысушысы. Ұйымдастырылған іс-шараның мән-маңызын сезіну үшін осы турнирге қатысушының өзінен сұхбат алуды жөн көрдік. Әңгіме келесі сипатта өрбіген еді.

- Сіз жұдырықтасуға қалай келдіңіз?

- Мені бас сарапшы Шақан Нұрғалиев шақырған. Ол мені Алматыда тай боксы бойынша ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатында байқаған болатын.

 

«Жұдырықтасу» бойынша «Ұлы Дала Батырлары» Алғашқы Ашық республикалық туринирі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуы қарсаңында және Салауатты өмір салты фестивалінің аясында 2011 жылдың 21-23 қазан аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық университетінің спорт кешенінде Қазақстан, Түркменстан, Түркия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Әзірбайжан елдері батырларының қатысуымен «Жұдырықтасу» республикалық федерациясы «Жұдырықтасу» бойынша «Ұлы дала Батырлары» атты алғашқы Республикалық турнир өтеді.

Қазақша күрес пен самбодан спорт шеберінің кандидаты, Республикалық Жұдырықтасу федерациясының Президенті Әбіл Қожапов құттықтау сөзінде іс-шараның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне атсалысқан «Нұр Отан» ХДП, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және спорттық комитетке алғысын білдірді. Ал аталмыш турнирдің мақсатын ұлттық спорт түрлері бойынша Ұлттық спорт ассоциациясының вице-президенті Сәдібек Түгел ашып айтты. «Бұл – ұрпақты тәрбиелеуге арналған жарыс. Біздің халқымыз өмір бойы егемендікті аңсаған. Міне, ата-бабаларымыздың осы ұранын жалғастыру, елін, жерін, Қазақстанын сүйетін жастарды тәрбиелеу – біздің борышымыз. Қазір біздің құрамымызда 22 федерация бар. Болашақта бұған Қытай, Монғолия, Ресей, Орта Азия және Еуропаның спортшылары да қатысуға ниет танытып отыр» деді ол өз сөзінде.

 

Жұдырықтасу: ұлы өнердің жандануы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуы қарсаңында 2011 жылдың 20-23 қазан аралығында Астана қаласында Азербайжан, Түркменістан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәджікістан және т.б. елдер батырларының қатысуымен «Жұдырықтасу» республикалық федерациясы «Жұдырықтасу» бойынша «Ұлы дала Батырлары» Алғашқы Республикалық турнирі өтеді.

Қазақ халқы ерте заманнан өзінің қайратты, қуатты және шабуыл кезінде еліне қауіп туғанда қорғайтын жауынгерлерімен әйгілі. Бірақ бұл үшін батырлықтың, күштің және ұлтжандылықтың болуы ғана аз. Жауынгерлік машық, қаруды дұрыс қолдану және күрес техникасын білу өте маңызды. Сондықтан балаларды алты жастан ат отырғызып, саятшылыққа шығарып, садақтан атуға және т.б. үйреткен.

 



Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы