Темекі шегумен күрес жалғасуда

2011 жылдың 24 қарашасында Назарбаев интеллектуалды мектебінде жоғары сыныптар арасында «Темекісіз әлемге кіреміз» атты тақырыпта семинар өтті.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін тойлау мен ӨСОА алдын алу онкүнлігі шеңберінде өтті.

ӨСОА проблемасы медициналық қоғамдастық үшін өте маңызды болып табылады, себебі бұл ретте көптеген аспектілер, атап айтқанда: темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, климаттық жағдайлар, кәсіби ерекшеліктер және т.б. қозғалады. Қазақстанда халықтың және медициналық қоғамдастықтың назарын аталған проблемаға аударту үшін, өкпенің созылмалы обструктивті ауруын (ӨСОА) алдын алу және темекі шегуден бас тартуды насихаттау мақсатында «Темекісіз әлемге енеміз» атты Ұлттық акция өткізіліп жатыр.

Семинар балалар Астана қаласындағы ӨСОА бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, санақпен, аурудың этиологиясымен, ерекшеліктерімен және оның ағымымен танысты. Сонымен қатар, ең бастысы неліктен үлкен ниет қойған күннің өзінде темекіні тастап кету қиын проблемасымен «Неге темекі шекпеске?» атты презентация арқылы білді. Балалар көргендері мен есгендері жөнінде бөлісті, кейін қысқа метражды кино көрді.

Фотогалерея

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы