29 қыркүйекте қалалық әкімдікте «Астана – темекі түтініне қарсы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті, оған Денсаулық сақтау басқармасының, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қоғамы» ҚБ, ІІД, Есіл ауданының экология департаментінің, «Азаматтық альянс» ҚБ (мәсліхат депутаттары) өкілдері және қаланың МҰ СӨС ұйымдастырушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларды заңмен қоғамдық жерлерде, орындарда, сауық құратын жерлерде темекі шегуге тыйым салынған, бірақ та біздің кейбір азаматтар бұл заңды сақтамайтындығы мазалайды. Темекілер көп жағдайда балалар үшін қолжетімді болып келеді. Темекі шегетін ересектер өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болып табылады. Қоғам бірлесіп бұл қауіпті әрекетке қарсы тұра білуі қажет.
