Темекі шегу мен бала емізу

№1 ҚБА денсаулық мектебінде ДДҰ жобасы шеңберінде бала емізудің 10 сәтті қағидасын насихаттау жүргізілуде. Тақырыптар үнемі өзекті және сұрақтар әрдайым өте көп. Бүгін «Темекі шегу мен бала емізу» тақырыбы талқыланды.

Бұл мәселеді екі түрлі пікір болуы мүмкін емес: бала емізу барысында темекі шегу мүлдем болмайды. Бүгінгі таңда адамдардың барлығы темекінің оны шегетін адамға және қоршаған ортаға зияны туралы жақсы біледі.

Жүктілік кезінде әйел шегетін темекілерінің санын азайтады немесе толығымен темекі шегуден бас тартады. Дегенмен, анасы темекі шеккен сайын өзінің денсаулығына және баласының денсаулығына аса ауыр зиян тигізеді, бұл ретте оның баланы емізуі және емізбеуіне байланысы жоқ. Темекі сүттің өңделуін азайтады және нәрестенің кейбір ауру себептерінің негізі болуы мүмкін, мысалға: құсу, лоқсу, шаншу және іш өту. Анасының темекі шегуі баланы емшектен ерте айыруға, сүттің өңделмеуіне, сүттің шығуына әсер ететін рефлекстерді тежейді. Темекі шегетін аналарда метаболизм көрсеткіштері жоғары, сондықтан олар жүдеу келуі мүмкін. Осыған байланысты, лактацияға арналған энергетикалық қорлар төмен болады, анасында тамақты көбейту қажеттілігі туады. Бір зерттеулерде темекі шегіп бала емізген аналардың 40% жағдайында балаларда шаншу байқалған, ал темекі шекпейтіндерде ол 26 % үлесті ғана құраған. Баланың тамақтану түріне қарамастан, ата-аналар түтіннің оның тыныс алу жолдарына кіруіне жол бермеулері тиіс. Енжарлы темекі шегу бала денсаулығына зиянды әсер етеді. Зерттеушілер ата-ананың біреуі не болмаса екеуінің темекі шегулері баланың денсаулығына аса зор қауіп төңдіретіндігін растайды.Тәжірибе барсында 2205 сәбиде ата-аналардың темекі шегулері мен балалардың пневмония, бронхит ауруларының, сондай-ақ баланың алғашқы өмір сүру жылыңда аяқасты көз жұмуының тығыз байланысы анықталды. Бұл ретте ана сүтін еметін және жасанды қоспалармен тамақтанатын балалар үшін қауіп бірдей екендігін айтып өткен жөн. Негізі жасанды тамақтанатын балалардың қорғаныш қызметі ана сүтімен тамақтанатын балаларға қарағанда төмен, сондықтан егер анасы темекі шексе, ол сәбиге аса ауыр қауіп тиеді, ал ана сүтін еміп жүрген бала, никотин анасының бойына тарайды, содан ол қанға және басқа сұйықтықтарға қосылады, осыдан ол баланың бойына да жетеді.

Баласына темекінің зиянды екендігін түсінетін, бірақ темек шегуді тоқтатпай, темекі шегеіп жүрген аналарға арналған айтарымыз:

  1. темекі сүттің өңделуін төмендетеді, сондықтан: сағат таңғы 9.00-ден кешкі 21.00 дейін темекі шепеңіз!;
  2. баланы емізіп болғаннан кейін ғана темекі шегіңіз;
  3. күніне 5 темекіден артық шегуге болмайды;
  4. толыққанды тамақтану және таза суды жиі ішу.

Әдеттен қалай арылуға болады?

1. Бүгінгі таңда, темекі шегу әдетінен құтылғысы келеті адамның ағзасына ықпал ететін әр түрлі әдістер мен тәсілдер өте көп. Мысалға, гипноз – егер адам шын мәнінде темекіні тастағысы келіп, бірақ күш жігері жетпей жүрсе, жақсы көмектеседі.

2. Сонымен қатар, нейро-лингвистикалық бағдарламалау әдісі де бар – барлығы ықпал етеді және көп жағдайда әсер ету мерзімі ұзаққа созылмайды (мысалға, әсері бір жылдан соң аяқталуы мүмкін).

Жоғарыда аталған екі әдісті өздігінен қолдануға болмайды, олар үшін арналған арнайы клиникалар мен мамандар бар.

3. Спортпен айналысуға болады, өзіңіздің өміріңізді тығыз графикпен толтырып қойсаңыз, темекіге орын қалмайды. Сондай-ақ, инемен шаншу тәсілінен өтуге болады.

4. Психиатрлардың пікірінше – бұл істе күш жігердің болмауы сәби күндегі қанағаттанбаған рефлекс қалпымен байланысты (емшектегі баланы еске түсіріңізші, кішкене бір ыңғайсыз жағдай пайда болғанда анасының сүтімен құтқарылады). Ересек адам ызаланғанда, қызуланғанда немес бір нәрсеге ойланып кеткенде, қайғырғанда оның темекі шеккісі келеді, бұл бала кездегі дауыс, ыңғайсыздық орнады, оның асының емшегін еміп тыныштық тапқысы келді.

5. Бала емізіп жүріп, темекі шегетін ана, көп жағдайда қамқорлықты қажет етеді. Ол осы қылығы үшін, өкінішке орай, балаға өзінің проблемасын артады және оған жаман әдеттің негізін қалап береді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей сүйегіне дейін сіңіп кетке адамдардың өзі темекі әдетінен айрылады! бұл ретте темекіге «Жоқ» деп, дені сау балаға, таза өкпеге, ауыздан шығатын жағымды иіске деу «Иә» қажет! Өзіңіді осы өмірлік қадамыңыз үшін мақтан сезетініңіз сөзсіз!

Есте ұсаңыз, бұның барлығы Сіздің қолыңызда! Балаңызды емізіңіз және деніңіз сау болсын!

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы