«Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз»!

2011 жылдың 13 желтоқсанында «Салауатты университеттер» ДДҰ жобасы, 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын дамыту бағдарламасы щеңберінде Сауда-экономикалық колледжде «Темекіні тіркелуден айырайық» атты тақырыпта акция өтті.

Жастар денсаулығы – ұлт болашағы, ол елдің орнықты экономикалық дамуының іргетасы болып табылады.

2011 жылғы 28 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін біріге қалаймыз» атты Жолдауында «Алдын алу жұмыстарын сауатты ұйымдастырғанда, ауруларды ерте сатыда жоюға болады...» деп басып айтқан.

Ұлттық денсаулық күні студенттер оқу орнының мәжіліс залында жиналды, ол жер Қазақстан Тәуелсіздігіне 20-жыл, Ұлттық денсаулық күні тақырыбындағы салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын плакаттармен рәсімделген.

Ұлттық денсаулық күні акция қатысушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері (деен белсеснділігін, дұрыс тамақтануды насихаттау, темекі шегуді, ішімдік пайдалануды және есірткі қолдануды алдын алу, репродуктивті денсаулықты қорғау, жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды алдын алу) бойынша ақпараттық-білім материалдары таратылды.

Аталған акция жастардың денсаулықты нығайту мен сақтау, темекі шегуді алдын алу мәселелері мен салауатты өмір салтын және өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру бойынша ақпараттық деңгейлерін арттырды.

Фотогалерея

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы