Ел дамуының «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімдік стратегиясының басым бағыттарының бірі өскелең ұрпақтың денсаулығы, білім алуы мен игіліктері болып табылады. Ел халқының денсаулығын нығайту үшін, мектеп қабырғасынан бастап салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, қауіпті мінез-құлық факторларына қарсы тұра алатындай өмірлік дағдыларды бойына сіңіру өте маңызды.
Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Білім және ғылыми министрлігімен, Туризм және спорт министрлігімен, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп республиканың барлық мектептерінде 1 қыркүйек күні «Денсаулық сабағы-2011» өткізеді, ол балаларға арналған нағыз Денсаулық мерекесі болмақ.
Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығы жылында Денсаулық сабағы - 2011 басты тақырыбы ретінде салауатты өмір салты мәдениетінің түрлі аспектілері таңдалады: белсенді дене қимылы, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерге қарсы тұра білу, тұрмыста және жолда жүргенде қауіпсіз мінез-құлықтың болуы.
Мақсаты: өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салты мәдениетін насихаттау мен қалыптастыру, өскелең ұрпақты денешынықтырумен және спортпен айналысуға жұмылдыру.
Ұран: «Денсаулығыңды күтуге дағдылан!» - оқушылардың әрқайсысын күнделікті белсенді болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерге қарсы тұра білуге, салауатты өмір салтының дағдыларын игеруге шақыру. Бұл акция мектеп оқушыларының барлығына салауатты өмір салты аспектілері бойынша көбірек ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері. Мектеп оқушылары арасында таратуға арналған ақпараттық-ағарту материалдары бар денсаулық стендтері орнатылған бұрыштар көрнекіленген.
Оқытушылар: атақты спортшылар, жастар үлгі тұтатын тұлғалар, спортпен және денешынықтырумен жүйелі түрде айналысатын қоғам қайраткерлері, денсаулықты сақтау мен нығайту ісіне үлестерін қосқан, салауатты өмір салтын ұстанушы құрметті қонақтар, ғылыми-зертеу институттарының және медициналық жоғары оқу орындарының директорлары, Денсаулық сақтау басқармаларының, медицина мекемелерінің, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің бастықтары.
Акция қатысушылары:5-9 сынып оқышылары, мұғалімдер, ата-аналар.
