Өз жүрегінді қорға

3 желтоқсан

Сағат 11.00

Ақан сері көшесі 20

№5 қалалық емхана

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан халқына жолдаған "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар "Тәуелсіздіктің жиырма шыңы" атты 20 жұлдызды күн шеңберінде Астана қаласы емханаларында акциялар өтіп жатыр. 3 желтоқсанда №5 қалалық емхана базасында "Өз жүрегінді қорға" атты акция өтуде, онда келушілер өздерінің қандағы холестерин және триглицерин деңгейін, артериалды қысымдарын өлшеуге мүмкіндік алады. Акцияның мақсаты: халықтың назарын жүрек-қантамыр ауруларын ескерту проблемасына аударту.

Қазақстан Республикасының ауруға шалдығу мен одан қаза болу құрылымында жетекші орынды жүрек және қантамырлар аурулары алады. Жоғары артериалды қысым немесе гипертония созылмалы жұқпалы емес аурулардың ең кеңінен таралған түрі болып табылады. Артериалды гипертония инсульттің, миокард инфаркты, бүйрек қантамырларының бұзылуы, көздің көру қабілетінің жоғалуы және тағы басқа адам өміріне қауіпті аурулар дамуының басты себебі болып табылатыны баршаға мәлім. Көптеген пациенттер гипертонияның алдын алуды және салауатты өмір салтын елемейді, көпшілігі өздерінің аурулары туралы білмейді және гипертония диагнозы қойылған миллиондаған науқас дұрыс ем алмайды. ДДҰ кеңесі бойынша 18 жастан үлкен әр адам өзінің артериалдық қысымын және оған қалыпты болып табылатын көрсеткішті білуі тиіс.

Осы мақсатта №5 қалалық емхананың кардиологтары мен терапевт дәрігерлері азаматтарды өз денсаулықтарына мұқият болуға, алдын ала медициналық қаралулардан өтуге, өз қан қысымдарын білуге және ауыр асқынуларды болдырмас үшін оның деңгейін бақылап отыруға шақырады.

Біз барлығын акцияға белсене қатысуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы