Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл толуына арналған іс-шаралар шеңберінде №1 қалалық балалар ауруханасында 2011 жылғы 2 желтоқсанда сағат 11.00-де аналар арасында «Супер АНА» атты жарыс өтеді.
Ел басшысының Жарлығына сәйкес 2011 жыл «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранмен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы болып жарияланды. Ол Қазақстан халқының рухани-мәдени дамуына бағытталған.
2011 жылдың еліміздің тәуелсіздік жылдары жетістіктерінің көрсеткіші ретінде «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты ұранмен жиырма күндікті өткізу жоспарланған. Осыған байланысты 2011 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасында ҚР Денсаулық сақтау министрілігі бастамасымен және СӨСҚПҰО ұйымдастыру-әдістемелік жетекшелігімен Ұлттық денсаулық күні өтеді, ол салауатты өмір салты мәдениеті мен қазақстандықтардың өз денсаулықтарына ынтымақтасқан жауапкершілігін насихаттауға арналған 26 қарашасынан 15 желтоқсанға дейін жиырма күндіктің қорытындысы болады.
Аталған кең ауқымды акция денсаулық сақтау ұйымдарына денсаулықты сақтау мен нығайту, созылмалы жұқпалы емес ауруларды алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен өз денсаулықтарына қатысты жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша тұрғындардың хабардар болуын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Супер АНА» байқауы да «Балаға қатысты ықылас ауруханалар» ДДҰ жобасы мен бала емізудің 10 қағидасын насихаттау бойынша медициналық қызметтік құрамының аналар арасында ауруханаларда жүргізілген жұмыстардың қорытындысы болып табылады.
Қатысушылар баланы әр түрлі жас кездерінде қалайша дұрыс шомылдыру қажеттігін, оны қалай күту керектігін, жеке және қоғамдық гигиенаны, шынықтыру, баланы емізу, дұрыс тамақтандыруды көрсетеді. Яғни баланың берік әрі денсаулығы мықты болып өсуі үшін жасалатын барлық әрекеттерді жасайды.
