ЖРВИ және тұмауды алдын алу бойынша жыл сайын республикалық айлық

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингтің Ғылыми-тәжірибелік орталығының мәліметтері бойынша Қазақстанда 2011 жылдың 9 айы ішінде жіті респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) бойынша 876923 жағдай тіркелген, бұл 2010 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 18% жоғары.

ЖРВИ және тұмауды алдын алу бойынша жыл сайын республикалық айлық 1 қарашадан 30 қарашаға дейiн жүргiзiледi.

Мамандар осы шара шеңберiнде 24 қарашада Денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті және Салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының мамандары баспасөз мәслихатын өткiздi.

Баспасөз мәслихатының қатысушылары профилактикалық мақсатта атқарылып жатқан жұмыс туралы әңгiмелейдi.

Түсірілімдерді жүргізу үшін емханаға баруға мүмкіндік беріледі, мұнда ЖРВИ-дың және тұмаудың алдын алу мақсатында халыққа егу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Журналистерге аккредитация қажет!!!

Анықтама телефондары: 35-16-26

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы