Бүкіләлемдік ЖИТС-мен күресу күні алғаш рет 1988 жылы БДСҰ-мен жарияланып жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл күн АИТВ/ЖИТС індетінің жаһанды таралуын тоқтату қажеттілігі туралы еске салуға қызмет етеді.
ЖИТС-мен күресу кампаниясының мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы хабарландыруды арттыру болып табылады.
Жыл сайын Бүкіләлемдік ЖИТС-мен күресу күніне мынандай тақырып таңдалады: «Жаңа АИТВ жұқпасы ноль. Дискриминация ноль. ЖИТС-тың салдарынан қайтыс болу ноль».
2006-2007 жылдардағы деректер бойынша анағұрлым көбірек АИТВ жұқтырған он елдің қатарына кіргендер: Үнді (6,5 млн), ОАР (5,5 млн), Эфиопия (4,1 млн), Нигерия (3,6 млн), Мозамбик (1,8 млн), Кения (1,7 млн), Зимбабве (1,7 млн), АҚШ (1,3 млн), Ресей (1 млн) и Қытай (1 млн.).
«АИТВ/ЖИТС жөніндегі БҰҰ бірлескен бағдарламасына» сәйкес (2009 жылғы желтоқсан), АИТВ індетінің бастау алған кезеңінен бастап 60 миллион дерлік адам жұқтырған, сондай-ақ 25 миллион адам АИТВ-ға байланысты аурумен қайтыс болған. АИТВ жұқпасы індеті ұзақтығы орта жасқа дейін өмір сүруге әкелді, дегенмен АИТВ жұқпасы мен ЖИТС-ты емдеу ауру кезінде айтарлықтай бәсеңдетеді, бірақ АИТВ-ға қарсы вакцина жоқ.
Қазіргі таңда ҚР-нда АИТВ жұқпасының 17099 оқиғасы тіркелген, 1088 адам қайтыс болған. Астана қаласында АИТВ жұқпасы оқиғасы 454, олардан 35 адам қайтыс болған. Егер бұрын АИТВ жұқпасы көбіне есірткіні инемен тұтынушылар арасында анықталса, ал қазір АИТВ халықтың әлеуметтік-сау қабатында 40 жасқа дейін кездеседі.
АИТВ жұқпасының жаңа оқиғаларының саны ем алып жатқан адамдардың санынан әлі күнге дейін асып кетіп отыр: ем бастаушы әр екі адамға АИТВ жұқпасының бес жаңа оқиғасынан келеді, осыған байланысты АИТВ/ЖИТС індетін бақылауға алуда қауіпсіз сексуалдық және инъекциялық мінез-құлықты насихаттайтын алдын алу іс-шаралар маңызды роль атқарады.
Барлық сұрақтар бойынша «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК-на хабарласыңыздар. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Есенберлин к-сі, 5/1, телефондар: 38-15-85, 38-04-71
Орын: Қ.И. Күзембаева
тел. 38-04-71
