2011 жылдың 12 қазанында қалалық әкімдіктің №320 кабинетінде «А вирусты гепатитің алдын алу шараларын белсендіру» бойынша дөңгелек үстел өтеді. Ұйымдастырушылары: Денсаулық сақтау басқармасы, СӨС ҚО.
Вирусты гепатиттер проблемасы, әсіресе А вирусты гепатиті бүгінгі таңда өте өзекті проблемалардың бірі. А вирустық гепатиті (АВГ) бойынша эпидемиологиялық ахуал Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жақсарып келеді әрі 1998 жылдан бастап 2010 жыл аралығындағы АВГ-ға қарсы белсенді түрде вакциналау кезеңімен тұстас келіп отыр. Сырқаттанушылық ағымының тұрақты түрде төмендеп келе жатқандығына қарамастан Қазақстан Республикасында А вирустық гепатиті мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып тұр. АВГ еліміздегі ВГ-мен сырқаттану құрылымында ( 77%-ке дейін) ең жоғары үлестік салмақты иемденіп отыр.
Сырқаттанушылық жағдайлары 14 жасқа дейінгі балалардың арасында жыл сайын көптеп тіркеледі, 2010 жылы барлық АВГ-мен сырқаттану жағдайының 75%-н құрады. Жаз кезінде ауру жұқтырылған (контаминирленген) суды көп пайдаланған, суға шомылған және көкөністер жеген кезде балалардың ауру жұқтыруы көбееді. Жаңадан құрылған мектепке дейінгі балалар мекемелерінің балалар ұжымдарында және мектептерде аурудың таралуы жақын араласу арқылы орын алатындықтан, қазан айынан бастап сырқаттану көбее түседі әрі қыс бойы жалғасады. Бұл негізінен жоспарлы түрде вакциналау жүргізілмеген және гигиеналық дағдылары жоқ немесе оны сақтамайтын жасы 2 мен 9 аралығындағы балалар.
Сондықтан дөңгелек үстел жұмысына барлық мүдделі ведомствалар қатысады, онда АВГ алдын алудың негізгі бағыттары айқындалады және проблемалары өрісінде тақырыптар қозғалады:
1.тұрғындар, әсіресе педагогтар, ата-аналар мен балалар арасында балаларды вакциналаудың тиімділігі мен А вирустық гепатитінен қорғау шаралары туралы көбірек ақпарат тарату;
2.балаларды 2 жасынан бастап жоспарлы түрде вакциналаумен толық қамту;
3.инфекцияның тұрмыстық қарым-қатынас жасау арқылы жұқтырылуына жол бермеу үшін мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде және басқа да оқу орындарында, жеке гигиена мен ауыз су тәртібінің саөқталуына назар аудара отырып, тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайды қамтамасыз ету (сабын, дәретхана қағазы);
4.балалардың арнайы бөлінген орындарда шомылуын ұйымдастыру.
Сіздерден дөңгелек үстел жұмысына қатысуды және бұқаралық ақпарат құралдары арасында А вирусты гепатит проблемасын жариялауды сұраймыз.
СӨС ҚО баспасөз қызметі
