«Жүрегіңнің саулығын сақта»

27 қыркүйекте сағат 09.00-де

«Қамқор» ЖТД

Ашық есік күні

Интернационал кенті,

Бейбітшілік көшесі, 14 ,

МКҚК « № 7 қалалық

емхана», Аққан сері, 20

Баспасөз релизі

Қазақстанда аурулардың ең көп үлесін жұқпалы емес аурулар (ЖЕА) құрайды, олардың қатарына жүрек-қантамыр аурулары, онкологиялық аурулар, қант диабеті, созылмалы респираторлы аурулар кіреді, ауруға шалдыққандардың жалпы санының 2/3 жағдайы осы аталған аурулардан орын алады. Олармен және олардың пайда болуына ықпал ететін қауіпті факторлармен күрес шаралары мезгілсіз өлімдердің санын азайтуға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес санақ бойынша 2010 жылы қан айналым жүйесімен ауратындардың көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 11304,1 адамды құраған, ал 2009 жылы ол 10777,7 болған. Аталған патология былтырғы жылы 1 850 000 емделушіде анықталған немесе емдеу-алдын алу мекемесіне жүгінген әр бір тоғызыншы адамда белгіленген.

Жүрек-қантамыр аурулары (бұдан әрі - ЖҚА) өлімнің себебі ретінде ең озық патология болып тұр, ол өзге нозологиялық формалардан айтарлықтай алда, ал бұл республикадағы демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайға елеулі түрде теріс әсер етеді.

ЖҚА негізделген халықтың тозуы және ауруға шалдығуы қоғам үшін айтарлықтай шығындарға алып келетін қауіп болып табылады. Жұмыс берушілер мен қоғам ЖҚА (ЖИА, АҚ) ауруларының салдарынан жұмысқа шықпай қалуынан, жұмыс өнімділігінің төмендеуінен зардап шегуде.

ЖҚА мен инсульттің қауіпті факторларына: қан қысымы, қандағы холестерин және қант деңгейінің жоғарылауы, темекі шегу, көкөністер мен жемістерді жеткілікті пайдаланбау, салмақтың артуы, семіздік және дене селқостығы кіреді.

Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде, 1999 жылдан бастап, Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен Дүниежүзілік жүрек күні өтеді (World Heart Day), бұл акцияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНЕСКО және басқа да маңызды ұйымдар қолдады.

Аталған науқанды өткізудің мақсаты – әлемдегі ЖҚА індетінен орын алған қауіптілікті қоғамның ұғынуын жоғарылату, сондай-ақ халықтың барлық топтарында жүрек ишемиялық ауруына және артериалды қысымға қатысты алдын алу шараларын белсендіру.

Дүниежүзілік жүрек күні «Жүрегіңнің саулығын сақта» ұранымен өтуде. Мақсаты: халықты өзінің АҚ анықтауға және ЖҚА алдын алу шаралары жөнінде ақпараттық белсенділігін арттыру.

Жоғарыда аталған акция шегінде ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде сағат 09.00-ден 15.00-ке дейін «Қамқор» ЖТД кардиолог-дәрігерлердің кеңес беруімен ашық есік күні өтеді.

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы