2012 жылғы 17 мамыр
сағат 10.00
«Мен сау жүрекпен жұмыс істеймін» (атты акция өтеді. Мұнда кардиолог дәрігер мен екі ерікті қызметкерлерді жүрек қан тамыр аурулары бойынша тегін медициналық қаралудан өткізу мақсатында қызмет көрсетеді.На месте будут работать врач кардиолог, 2 волонтера.
Бүгінгі таңда жүрек-қан тамыр аурулары ауруға шалдығушылық және өлім-жітімге әкелу қаупі жағынан алдыңғы орындарға шығып отыр. Жоғары Артериялық қысым немесе артериялық гипертония – миокард инфарктісі мен инсульт дертіне ұшыраудың жетекші факторы болып табылады. Бүкіл әлемде 1,5 миллиардтан асатын адам жоғары Артериялық қысымнан зардап шегуде, жыл сайын 7 миллион адам өледі. Артериялық гипертонияның дамуына гипертонияның туындауына ықпал ететін қауіп факторларының таралуы, халықтың денсаулық сақтауға деген қарым-қатынасы, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы әсер етеді. Мамандардың пікірінше, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, аз қозғалу, дененің артық салмағы сияқты негізгі қауіп факторларын бақылауға алу арқылы жүрек-тамыр ауруларынан және инсульттен және Артериялық гипертониядан жасына жетпей өлгендердің 80%-нің алдын алуға болатын еді.
