Дүниежүзілік есірткімен күрес және есіркінің заңсыз айналымымен күрес күніне арналған баспасөз конференциясы

21 маусымда Астана қаласы әкімдігінде Дүниежүзілік есірткімен күрес және есіркінің заңсыз айналымымен күрес күніне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық – тек қана жаһандық проблема ғана емес, сонымен қоса дамып келе жатқан Қазақстанның проблемасы.

Бүгінгі таңда есірткінің таралуы мен қолданылуына қатысты жағдайлар, қазіргі заманғы әлеуметтік теріс болмыстарға жиі әрі тез шалдығатын кәмелеттік жасқа толмағандар мен жасөспірімдердің өмірлеріне өте қауіпті.

Астанада қалалық Медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығының мәліметтері бойынша 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы психологиялық белсендіргіш заттарды пайдаланудан пайда болған психологиялық және мінез-құлық бұзушылықтар диагнозымымен алғаш анықталғандардың саны 2527 адамнан 2463 адамға төмендеген.

Нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында, балалар мен жасөспірімдердің девиантты түрі ретінде, бірінші орында әлеуметтік факторлар, яғни бос уақытқа арналған бағдарламалардың болмауы, кәмелеттік жасқа толмағандардың бос жүрулері, әлеуметтік дәреженің бірден өзгеруі – қоғамдағы бөлінулер, қоғамдағы адами, өмірлік құндылықтардың тоқырауы, оларды жоғалту, отбасылық байланыстардың әлсіреуі, психологиялық белсендіргіш заттардың көптігі және олардың жеңіл қолжетімділігі болып табылады. Көп жағдайда есірткілерді қоғамдық жердерде: мектептерде, би кештерінде, дәмханаларда, көшеде, есірткіні сататын саудагерлер мен таратушылардың пәтерлерінде алуға болады.

Қазіргі кезде нашақорлық әлемнің барлық адамдарына, олардың денсаулықтары мен жалпы адамзатқа қауіпті-қатер туғызатын шешімі бірден табылмайтын және өте қауіпті әлеуметтік проблемалардың бірі.

Аталған өте қауіпті әрі маңызды проблеманы ескере отырып Қазақстанның барлық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары 1-ші маусым мен 30-шы маусым аралығы жергілікті есірткіні және есірткінің заңсыз айналымын алдын алу бойынша айлығы болып жарияланды. Осыған орай «Есірткісіз әлем» тақырыбында салауатты өмір салтын дәріптеуге шақыруды ұйымдастыруда. Аталған іс-шараның шеңберінде баспасөз конференциясы ұйымдастырылуда, оған Денсаулық сақтау басқармасының, Ішкі істер департаментінің, Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының (есірткі диспансері), Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысады. Олар есірткіні және есірткінің заңсыз айналымын алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып береді.

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы