Жыл сайын 31 мамыр күні ДДҰ Дүниежүзілік темекіден бас тарту күнін атап өтеді, яғни темекіні тартудан денсаулыққа келтірілетін қауіп факторына назар аударту және оны пайдаланудың шеңберін азайту бойынша шаралар насихатталады. Темекі тарту өлімге алып келетін себептер ішінде екінші орында тұр (гипертензиядан кейін), сондай-ақ қазіргі заманда бүкіл әлемде он ересектің біреуі осының салдарынан көз жұмуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - ДДҰ) 2011 жылдың Дүниежүзілік темекіден бас тарту күнінің тақырыбы «Темекімен күрес жөнінде ДДҰ негіздемелік келісімі» (бұдан әрі – ТКНК ДДҰ) болып бекітілді.
ТКНК ДДҰ – ДДҰ аясында қабылданған ең алғашқы келісім, ол жаһандық темекі індетіне жауап ретінде әлемнің барлық мемлекеттерінің өкілдерімен әзірленген. ДДҰ мәліметтері бойынша, темекі шегу өлімнің негізгі ескертілген себебі болып табылады. Биыл миоркард инфаркті, инсульт, обыр, өкпе және басқа да темекіні пайдаланумен байланысты аурулардан 5 миллионнан астам адам көз жұмуы мүмкін. Бұл санаққа 600 000 адам, олардың бір бөлігі ретінде балалар мен енжар темекі шегетін адамдар санының өлімі енгізілмеген.
Қазақстанда 12 жастан үлкен 9,8% әйелдер темекі шегеді, әсіресе 20-29 және 40-49 жастағы әйелдерде темекі шегу деңгейі ең жоғары.
ТКНК ДДҰ мақсаты – қазіргі және болашақ ұрпақты адамдардың денсаулықтарын құртатын, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық теріс салдарға алып келетін темекіні пайдалану мен темекі түтінінен қорғау. ТКНК ДДҰ өз күшіне 2005 жылы ақпанда енген. Қазақстан Келісімді 2006 жылы қарашада бекітті. ТКНК ДДҰ-да темекімен күресу шаралары ұсынылған, олар темекі пайдаланудың таралуын айтарлықтай азайтуға және темекі шекпейтін халыққа темекі түтінінің ықпалын төмендетуге себеп болулары тиіс, яғни олар мыналар: темекі жарнамаларына тыйым салу, темекі өнімдерінің қораптарына ескерту жазбаларын орналастыру, салықты жоғарылату, темекі түтінінен халықты қорғау, темекі шегуді тоқтатуда бірігіп жұмыс істеу және контрабандамен күресу. Аталған шаралар елде ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде жүзеге асырылуы тиіс.
Баспасөз конференцияның мақсаты: қоғамның назарын темекі шегу проблемасына аударту, темекіге қарсы заңнаманың жүзеге асуы және темекі шегуді төмендетуге бағытталған әрекеттерге халықтың бірігіп белсенді істер атқаруы.
