Қазақстанда туберкулезді алдын алу бойынша айлық өз жұмысын бастады. Осыған байлансыты Астана қаласының әкімдігінде Денсаулық сақтау басқарамасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және туберкулезге қарсы диспансер мамандары баспасөз конференциясын өткізді, оның қатысушылары Қазақстандағы, Астанадағы эпидемиологиялық жағдайы мен туберкулезді алдын алу жолдары туралы айтып берді.
Туберкулезге қарсы қызметтің және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде туберкулезге шалдыққандарды емдеу, анықтау, диагностикадан өткізу және санитарлық-ағартушылық кешенді жұмыстар өз жемісін берді, оны туберкулезге шалдыққан науқастар мен өлім көрсеткіштердің біртіндеп оң бола бастағанынан көруге болады. Астана қаласы бойынша 2010 жыл ішінде туберкулез ауруына шалдыққандар 13,1%-ға төмендеген.
Уақытылы ерте диагностика және дұрыс химиотерапия көп жағдайда туберкулезге шалдыққан науқастарды түбегейлі жазып шығарған. 2010 жылы қаланың ересек және жасөспірім тұрғындарының 46,4% флюоро тексерісінен өткен. Аталған тексеріс әдісінің нәтижесінде 61,4% науқас анықталды.
Бүгінгі таңда өзекті проблемалардың бірі туберкулез болып табылатыны ешкімге құпия емес. Ол туралы 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Елбасының Н.А.Назарбаевтың Жолдауында қайталанып айтылды. Денсаулық сақтау мәселесінде негізгі екпін туберкулез салдарынан орын алған аурулар мен өлім деңгейін төмендетуге және салауатты өмір салтын насихаттауға жасалған. Халықтың әлеуметтік қорғалмағандары 66,2 пайызды, студенттер 7,2% пайызды құрады. Алғашқы рет анықталғандардың қатарында 2,9% медициналық мекемелердің қызметкерлері бар.
Мемлекет қамының арқасында, туберкулезді емдеу мен диагностикасы тегін болып табылады.
