Бүгінгі таңда обыр емделеді

2011 жылдың 10 ақпанында қала әкімдігі ғимаратында Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Онкологиялық орталықтың қатысуымен «Онкологиялық аурулардың алдын алу» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясы онкологиялық аурулар қаупін алдын алу бойынша медициналық қызметкерлердің қызметін белсендіру мақсатында өткізілді. Бұл ретте бірінші кезекке темекі шегу, ішімдік және есірткі пайдалану шығады. Сондықтан баспасөз конференциясына онкологиялық динспансерден басқа,

«Темекiсiз» қоғамдық қорының үйлестірушісі, қалалық тубдиспансердің өкілдері, штаттан тыс профпатолог шақырылды.

Бүгінгі таңда онкологиялық аурулар өзекті проблема болып табылады.

Обыр ауруы бүкіл әлемдегі өлім-жітім себептерінің арасында бірінші орынды алады, Қазақстанда да жағдай осындай. 2009 жылы алғашқы рет Қазақстанда қатерлі ісік ауруларына шалдығушылық қанайналым жүйесі ауруларынан кейін екінші орынға шықты, 100 мың халыққа шаққанда 112,8 құрады. Онкологиялық патология құрылымы өзгерді. Осылай, 2004-2008 жылдары онкологиялық ауруларға шалдығу құрылымында тері обыры мен меланоманың салыстырмалы үлесі айтарлықтай артқан - 9,2%-дан 11,3%-ға дейін. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта қатерлі ісік ауруларының пайда болу себептері белгілі болды, бұл жаңа оқиғалардың шамамен үштен бірінің алдын алуға мүмкіндік береді. Қатерлі ісік ерте кезеңде анықталған жағдайда, емдеу сәтті өтуі мүмкін.

ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, онкологиялық аурулардың 40%-ының дұрыс тамақтану, белсенді өмір салты және темекі шегуден бас тарту арқылы алдын алуға болады.

Обырды ерте анықтауды жақсарту да онкологиялық аурулармен кұресуде негізгі жайт болып табылады. Халықтың ақпараттандырылу деңгейі мен медициналық сауатын арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында онкология мәселелерін барынша кеңінен жариялау қажет. Обыр неғұрлым ертерек анықталған болса, оны емдеу үміті соғұрлым көбірек болады. Алайда халықтың медициналық жәрдемге жүгінуін арттыру ең басты жол емес, бұл жерде ең маңыздысы - скринингтік бағдарламалар жұмысын ретке келтіру. Дамыған елдерде обырдың тері, жатыр мойнағы, сүт безі, қуықасты безі, жуан ішек обыры сияқты түрлерінен болған өлім-жітімді төмендету тұрғындарға жаппай скрининг өткізу бойынша мамандандырылған бағдарламалардың нәтижесі болып табылады.

Баспасөз конференциясы осы өзекті проблемаға жұртшылық назарын аудару және онкологиялық аурулар туралы халықтың білімін арттыру және бұл аурудың қаншалықты қауіпті және қазіргі уақытта кеңінен таралып отырғанына тағы да бір назар аударту, онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша жұмысты жақсарту мақсатында өткізіліп отыр.

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы