«Ана мен бала денсаулығы». Вакцинацияның рөлі. Полиомиелит

28 мамырда №1 қалалық балалар ауруханасында ана мен бала денсаулығы айлығы аясында баспасөз конференциясы өткізілді.

Ұйымдастырушылары Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС, №1 ҚБА болды.

Баспасөз конференцияның мақсаты ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша медициналық қызметкерлердің қызметін белсендету болып табылады.

Баспасөз конференциясы қатысушыларының тізімі:

Л.М. Ахметниязова – Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары

Д.С. Абылғазина - Денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің маманы

М.Қ. Құрманов – Астана қ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры

Л.П. Павловец - №1 ҚБА бас дәрігерінің орынбасары, қалалық мәслихат депутаты

С.Ж. Есбергенов - №3 перзентхананың бас дәрігері

БАҚ: 7 арна, «Қазақстан» «ВЭБ портал стан», «Астана Ақшамы», радио «Қазақстан»;

Медициналық ұйымдардың СӨС ұйымдастырушылары.

Күн тәртібінде қарастырылған

Алғысөз. М.Қ. Құрманов – Астана қ. СӨС ҚО директоры баспасөз конференциясының қатысушыларын таныстыру, іс-шараның мақсаттары атап көрсетту;

Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Л. М. Ахметниязованың сөзі;

№1 ҚБА бас дәрігерінің орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Л.П. Павловецтың сөзі;

№3 перзентхананың бас дәрігері С.Ж. Есбергеновтің сөзі;

Пікір таласу, баспасөз конференциясының қорытындысын шығару.

Құттықтау сөзінен кейін және қонақтарды таныстырғаннан кейін, М.Қ. Құрманов жалпы баспасөз-конференция мен айлықтың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті.

Бірінші мәселе бойынша Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Л. М. Ахметниязова сөз сөйледі. Ол Астана қаласында 5 жыл бойы «Ана мен бала денсаулығы» айлығы өтіп келетінің атып өтті. Оның мақсаты ата-аналар мен отбасын жоспарлаған жастарды қаламызда жоғары білікті медициналық көмекті қайдан алуға болатыны, жүктіліктің 12 аптасына дейін міндетті түрде тіркелу қажеттігі, репродукциялық жастағы әйелдер үшін сүтбезі тексеруінен міндетті түрде өту қажеттігі және қай жерде тексерілуге болатыны жайлы, ана мен сәби үшін ана сүтімен емізудің рөлі туралы, баланың тамақтануы, сондай-ақ полиомиелитке қатысты эпидемиялық жағдай және оған қарсы бағытталған алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат беру болып табылады.

Дені сау бала дүниеге келу үшін ана денсаулығының маңыздылығ жөнінде №3 перзентхананың бас дәрігері сөз сөйледі. Ол жастар арасында отбасыны жоспарлау, контрацепция әдістері, орынсыз жүктілік бойынша кабинеттердің жұмысын белсендету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ол халық ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексі туралы және ондағы өздерінің денсаулықтарын күтудегі ынтымақтастық туралы ақпаратты болулары тиіс екенін сөзге тие кетті.

Төралқа сөзінен соң, залдан сұрақтар қойылды, оларға нақты жауаптар берілді.

Баспасөз конференциясы аяқталғаннан кейін, кейбір ауруханаларда түсірілімдер жүргізілді.

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы