Бүгін, 2011 жылдың 8 қарашасында Астана қаласы әкімдігінде Дүниежүзілік ЖҚТБмен күрес күніне арналған АҚТҚ/ЖҚТБ және ЖЖБИ алдын алу бойынша баспасөз мәжілісі өтті.
Тақырыбы: «Мақсат бағыты Нөл. Жаңа АҚТҚ инфекциялары Нөл. Кемсітушілік Нөл. ЖҚТБ салдарынан өлім Нөл».
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы АҚТҚ инфекциясы бойынша жағдайды жақсарту үшін барлық күштерді біріктіру, халықтың, әсіресе жастардың ойын, мінезін өзгерту мақсатында АҚТҚ/ЖҚТБ проблемасына ықпал ете алатын қоғамдық, саяси, діни және басқа көшбасшылардың, қоғамның назарын аударту.
Ұйымдастырушылары: Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «ЖҚТБ» Орталығы.
АҚТҚ инфекциясы – адамның қорғаныш тапшылығынан пайда болатын жұқпалы ауру, ол 20 жыл және одан да көп уақыт бойы өмір сүре алады. Бұл кезеңде ешқандай белгілер көрінбейді. Адам өзін тіпті дені сау әрі жақсы сезінуі мүмкін және ол өзінің ауыратындығын білмесе басқа адамдарға жұқтырып жүре береді. Сонымен, АҚТҚ сезбей алу да және беру де өте оңай.
ЖҚТБ – Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (белгілер жиынтығы – қорғаныш жүйесінің зақымдануы салдарынан пайда болатын белгілер) – бұл АҚТ инфекциясының соңғы сатысы.
ДДҰ мәліметтері бойынша 2011 жылғы қыркүйек жағдайы бойынша әлемде 34 миллион АҰТҚ инфекциясын жұқтырған адам тіркелген, соның ішінде Еуропада АҚТҚ/ЖҚТБ жұқтырған 2 миллион.
ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша 2010 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында АҚТҚ инфекциясын жұқтыру қарқынды таралып келеді. Бұл АҚТҚ инфекциясы тапжылмай дамып келе жатқан аймақтар. Мысалға, Ресейдің жеке аймақтарында аталған көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 700% артқан. Олардың көлеміне барлық ауру жағдайларының үштен бірі келеді. АҚТҚ таралудың негізгі себебі – ол қауіпті жыныстық қатынс және есірткіні пайдалану. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда тұратын 3,7 миллион адам есірткіні тамыр ішіне енгізеді, - бұл жалпы әлемдік көрсеткіштің 25% құрайды.
Бірінші орында – Ресей, екінші орын – Украина және Азербайжан. Аймақтағы АҚТҚ инфекциясы таралуының жоғарғы деңгейі әйелдер арасында байқалады. 10 жылда ол 24%-дан 40%-ға артқан. Ал АҚТҚ инфекциясымен жүктілік саны 5 жылда екі есеге өскен.
ЖҚТБ РО тоғыз ай ішінде Қазқстанда АҚТҚ инфекциясымен 1502 жағдай тіркелген, 100 мың тұрғын көрсеткіші 9,1 құрады (2010 жылғы 9 ай ішінде - 1534 жағдай, көрсеткіші – 9,6), салыстырмалы түрде алғанда АҚТҚ инфекциясын жұқтырғандар саны келесі аймақтарда артқан: Қарағанды облысы – 79 жағдайға (1,4 рет), Павлодар 25-ке (1,2 рет), Астана қ. – 12-ге (1,2 рет), Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында – 9-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 7-ге, Атырау және Ақтөбе облыстарында – 1 жағдайға. Үлес салмағы 20 мен 39 жас аралығындағы жастарға 75,5%; 0 мен 14 жастағы балалар арасында - 1%, әйелдермен салыстырғанда еркектердің үлесі 61% құраған.
2011 жылғы 1 қазанда Астана қаласында АҚТҚ инфекциясының 458 жағдайы тіркелген, 100 мың адамға – 63,8.
2011 жылдың 9 айы ішінде 125911 адам АҚТҚ-дан тестіленген немесе Астана тұрғындарының 18% (жыл сайын тұрғындардың 10% жопарында).
Аурудың таралуы еркектер мен әйелдер арасында бірдей (54,3% және 45,7%), негізінен жұмысқа қабілетті, 20-39 репродуктивті жастағы (75,7%), ал осы іспеттес кезеңде 2010 жылы 69%.
Жылдар динамикасы бойынша қорғалмаған жыныстық қатынас барысында індетті жұқтырғандар үлесі артқаны байқалады, 2010 жылғы 60% көрсеткіщке қарағанда 2011 жылдың 9 айы ішінде қалады жыныстық жол арқылы 69% жұқтырған. Дегенмен, есірткіні тамыр ішіне енгізетін есірткішілер арасында парентеральді жолмен инфекцияны жұқтырғандар да бар, бірақ қауіпті фактор олардың арасында айтарлықтай төмендеген, ол «Есірткі пайдаланудағы зиянды төмендету» бағдарламасының қалада тиімді іске асып жатқандығын көрсетеді.
Осылайша, Астана қаласындағы АҚТҚ инфекциясын жұқтырған науқастардың әлеуметтік сипаты келесідей: көбінесе жұмыс істейтіндер, 20-39 жас аралығындағылар, олар қорғалмаған жыныстық қатынастар арқылы жұқтырған, яғни жыныстық серіктестері жиі ауыстыру, жылына 5-6 адам.
Алдын алу шаралары қалада әлсіз топтар арасында және жалпы қоғамдық топтар арасында, жасатр арасында жүзеге асуда. Алдын алу шараларын өткізу барысында негізгі акцент ведомствоаралық қызметтестікке, ҮЕҰ қорларды және жастар орталығын тартуға жасалады.
Есірткішілер үшін қалада 6 сенім орны жұмыс істейді, соның ішінде 2 көшпелі, әлсіз жастар үшін 2 достық кабинет қызмет атқаруда, Еріктілерді даярлау мен интерактивті форматта белсенді жастарды оқыту бойынша қорлы орталықтар ұйымдастырылған.
Алын алу іс-шараларын жүзеге асыруда екі жақты Келісім жасалған 14 алдын алу кәсіп орындарында жүргізіледі. 2011 жылдан бастап бизнес құрылым өкілдері арасында алдын алу іс-шаралары енгізілуде.
Бас бостандығынан айыру жерлерінде алдын алу шараларын жүзеге асыру ерекше мәнге ие. Бұл жерде жеке құрам мен сотталушылар арасында білім жұмыстары және каскадты әдіс бойынша әрі қарай жұмыс жасау үшін еріктілер дайындалады. 2011 жылы Бас бостандығынан айыру жерлерінде сотталғандарды әлеуметтік сүйемелдеу бағдарламасын жүзеге асыуру бойынша «Право» ҚБ тартылды.
«Право» ҚБ республикалық бюджетен әлеуметтік тапсырысқа 712 мың теңге ұсынылды.
ЖҚТБ МО тапсырысы бойынша 2 бейнеролик (мемлекеттік және орыс тілінде) жасалды: ол «НТВ» арнасында (82 трансляция), «РенТВ» «44 трансляция». Қошқарбаев – сейфуллин көшелерінде (3х6), Кенесары көшесі Астана дүкені (3х6), Жеңіс даңғылы К.Байсейітова театрі «5х15», Әуежай тас жолында (5х10) АҚТҚ инфекциясы тақырыбында 4 билборд орнатылды. Қаланың 2 жарықдиодты арналарында (Республика – Кенесары көшелері, Қабанбай батыр – Құнаева қиылысында) – 4320 трансляция. «Сәлем» радиосында АҚТҚ инфекциясы тақырыбы бойынша радио дәрістерінің айналымы – 43 шығу. 10 бағдарлы автобуста қол ұстағыштарда 5 түрлі АҚТҚ инфекциясы бойынша ақпарат орналастырылған. 17 бағдарлы такси мониторларында АҚТҚ инфекциясы бойынша ақпарат айналдырылуда (3840 трансляция).
Баспасөз мәжілісі қатысушыларының тізімі:
1. Құрманова Сәуле Ажмұхамедқызы - Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары;
2. Мусина Салтанат Берікқызы - «ЖҚТБ» Орталығы ММ бас дәрігерінің орынбасары;
3. Данбаева Жұлдыз Сейтқамзинқызы - «Дерматология және ЖҚААЕ орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігері;
4. Мұқышева Құралай Балғабайқызы – Білім басқармасы бөлімінің бастығы;
5. Рыль Ольга Владимировна – «Право қоры» ҮЕҰ;
6. Анна Кединг – Германия ҮЕҰ шағын жобалар жетекшісі, баяндама тақырыбы: «Есірткі алдын алу және терапевтік араласу»;
7. Уалиева Салтанат Балташқызы – сотталғандарға медициналық көмек көрсету бойынша бас маман, Астана қаласы бойынша ҚАЖ медициналық қызметінің капитаны;
8. СӨС медициналық ұйымдарының ұйымдастырушылары, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері.
БАҚ 10 өкілі қатысты.
