Балалар өлімі – елдегі демографиялық жағдайдың қандай деңгейде екендігін айқындайтын өте маңызды топтық көрсеткіш. Бұл индикатор тек денсаулық жағдайының көрсеткішін ғана емес, әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты мен қоғамның жалпы даму деңгейін көрсетеді.
Санақ көрсеткіштері бойынша балалар өліміне алып келетін бірнеше аурулардың түрлері белгілі. Қарапайым тілмен айтқанда, оларды сәбилердің өлім жағдайларының Тікелей және Жанама әсерлері деп бөлуге болады.
Өлімнің тікелей себептері: инфекцияның нәтижесі, пневмония, диарея, туа біткен даму ақаулары және тағы басқалары. Ал жанама себептерге келсек, олар: кедейлік, надандық, әйел адамның төменгі мәртебесі, саяси биліктің болмауы (әйелдер мен балаларда), теріс дәстүрлер мен зиянды әдеттер, гигиеналық нормаларды сақтамау, санитариялық жағдайлардың болмауы, отбасы мүшелерінің жаңа туған нәрестеде қауіпті аурудың белгілерін дер кезінде анықтай алмауы, жедел жәрдем көлігінің болмауы немесе жоғары сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алмау, ресурстардың немесе тиісті дәрі-дәрмектердің жетіспеуі.
Осы жоспардағы жағдайларды өзгерту үшін барлық отбасылар сәбидегі ауруды дер уақытында анықтауы үшін жеткілікті білімі болуы керек, сонымен қатар медициналық көмекке жүгінуге ынтасы әрі мүмкіндігі болуы қажет.
Бүгінгі таңда кейбір ауруларды алдын алу мен емдеудегі медициналық қызметті қиындататын әлеуметтік-мәдени мәселелер жоқ емес. Мысалға, үйде орын алатын кейбір болымсыз өлімдерді алдын алуға болады: ана сүті, құсықтар немесе ұйқы кезінде омырау, жастық, көрпешеге тұншығып қалу және басқа да оқыс жағдайлардың алдын алуға болады.
Үйдегі балалардың өлімін оқыс өлімін азайту үшін баршаға мәлім әрі қаражат жұмсауды талап етпейтін әдістерді енгізуге болады: пренаталды және постнаталдық қызмет көрсету, ана сүтімен дұрыс тамақтандыру және сәбилердегі инфекциялардың алдын алу және емдеуді жетілдіруге, сөйтіп кішкентай баланы аурудан емдеудің жан-жақты амал-тәсілдерін меңгеру керек.
Аяқ астынан туындайтын өлімді алдын алудың сенімді әдісі жоқ. Бірақ мұндай өлімді төмендетуге әкеп соқтыратын нұсқаулар баршылық.
Баланың арқада ұйықтағанын қадағалаңыз;
Баланың айналасында шылым шегуге жол бермеңіз. Егер біреу шылым шеккісі келсе, үйден тысқары жерге шықсын;
Төсек орынды дұрыс таңдаңыз. Бала тығыз матрацта жастықсыз ұйықтау керек. Баланың төсегіне жұмсақ ойыншықтар мен басқа да жұмсақ ойыншықтарды қалдырмау керек.
Кейбір дәрігерлер мүлдем көрпешелерді қолданбауға кеңес береді. Жұқа көрпешені қолдануға болады.
Баланың шамадан тыс қызып кетуіне жол бермеңіз. Егер ол тоңады деп есептесеңіз, оны жылы киімге киіндіріп, жұқа көрпешемен бүркеңіз. Бала ұйықтайтын бөлме тым ыстық болмауы қажет, ол жеңіл-желпі киінген ересек адамға қол.айлы температурада болуы тиіс.
Бала бөлмесіндегі ауа айналымын жақсартыңыз.
Оны түрлі инфекциялардан қорғауға тырысыңыз. Сіздің балаңызды қолға алмас бұрын, адамдарға қол жуу керек туралы ескертуді ұмытпаңыз. Баланы ауру адамдарға жақындатпаңыз.
Тығыз қымтап байлау әдісін қолданбаңыз.
Егер сәбиіңіз түнде емізікті сорса, оны мойнына тағудан сақ болыңыз! Бұл үшін арнайы қыстырғышы бар ілмекті қолданыңыз немесе оны мүлдем қолданбаңыз.
БАЛАМЕН БІРГЕ ҰЙЫҚТАҒАН ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПСІЗ? Сіз жоғарыда аталмыш қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, өзіңіз таңдау жасағаныңыз абзал.
Баланы емізу мен онымен төсекте бірге жатудан қандай ләззат алсаңыз да, түнге қарай одан аулақ жатуға немесе арнайы бала төсегіне жатқызуға мүмкіндік жасаңыз. Өзіңіз қатты шаршағанда баламен бірге жатпаған әсіресе өзекті.
Сонымен, Сіздің балаңыздың денсаулығы мен әл-ауқаты тек Сізге байланысты.
Балаңыздың мәселесіне қатысты жағдайларда сақ әрі қырағы болыңыз, Сіздің еңбегіңіз кейін ақталатынына сенімді болыңыз.
Л.П. Павловец, №1 қалалық балалар ауруханасы
бас дәрігерінің орынбасары, неонатологдәрігер
