«Менімен сөйлес! Ана сүтімен тамақтандыру – әр түрлі деңгейдегі ұрпақ жалғастығының тәжірибесі»

Барлығы да ана сүтінің анаға және балаға тигізетін пайдалы әсерінен хабардар. Ана сүті сәбидің алғашқы алты ай өмірі үшін ең қолайлы азық болып табылады. Ол баланың астан алатын пайдалы заттардың барлығын тез сіңетін әрі қорытылатын көлемде қамтамасыз етеді, сан алуан ауралардан сақтайтын қорғаныш факторларын қалыптастырады, аллергия және асқорыту мүшелерінің туындау қаупін төмендетеді. Сондықтан өз баласына тек қана жақсылық пен саулық сыйлағысы келетін әрбір ана өз сәбиін ана сүтімен тамақтандыру керек. Бірақ бұл тілекті жүзеге асыру барысында да бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Оның бір себебі – іштен жарып баланы алу.

Жыл сайын іштен жарып баланы алатын операциялар саны өсуде. Соның нәтижесінде дүниеге келген сәбиді қалай күту керек? Психологтардың айтуынша, туылған сәт баланың әрі қарайғы өміріне қатты әсер етеді. Табиғи жолмен туылудың арқасында сәбиде бірқатар қасиеттер қалыптасады. Соның ішінде мақсатқа жетудегі талпыныс, күте білу қабілеті, ауырсынуды басу, қиын мәселеге бейімделе білу және өз күшіне сену сияқты ынта жоғары болады. Сол себепті де туу кезіндегі кез келген өзге әрекеттер белгілі бір деңгейде әсер етпей қоймайды. Бұрынғы уақыттарда туылудың қиындықтарынан өтпеген сәбилер ержүрек, рухы күшті және басқаруға қабілетті болып қалыптасатынына сеніп, құрсақтың бір шетінен баланы жарып алуды осылайша атаған. Ал қазіргі зерттеушілердің пікірінше, аталмыш жолмен туылған балаларда өте жоғары белсенділіктің қалыптасатынын байқаған. Сонымен бірге баланы іштен жарып алу тәсілі нәрестенің физикалық денсаулығына да әсерін тигізетінін ұмытпау керек.

Сондықтан осы жасанды жолмен туылған балалар аса жіті көңіл бөлуді талап етеді. Бұл кезекте, ана сүтінің жеткілікті көлемде қалыптасуына назар аудару керек. Егер ең алғашқы сәтте ана сүтімен тамақтандыру туралы ойы нақты қалыптасса, көптеген мәселелердің алдын алуға болады. Сүттің пайда болуына тіпті балаға мейіріммен қараудың нәтижесінде де қалыптасуы мүмкін. Кеуде сүтімен тамақтандыру – ана мен баланың өміріндегі ең маңызды кезең. Бұл ретте табиғаттың өзі жүктілік кезеңінде сүттің пайда болуына өзі-ақ жауапты болған. Бір жағынан алғанда ана сүтінің қалыптасуындағы кедергілерді осылайша жоюға болады, бірақ ана сүтімен тамақтандыру барысында қиындықтар туындауы мүмкін екен.

Сонымен баланы іштен жарып алудың нәтижесінде сүтпен тамақтандыруда қандай ерекшеліктер байқалуы мүмкін?

1. Кеудеге алғашқы рет қою. Сүтпен тамақтандыру сәтті болу үшін туған сәттен бастап, баланы бір сағат ішінде кеудеге қою керек. Ал жасанды жолмен жасағанда мұны қалай істеуге болады?

Баланы іштен жарып алып шыққанда оның сору белсенділігі өте төмен немесе мүлде болмауы мүмкін, сондықтан ондай баланы туған сәттен бері бір сағат ішінде кеудеге қою керек. Егер бала бұл жағдайда да соруға ынта білдірмесе, ол жылаған сайын кеудені ұсыну керек. Әр түрлі зерттеушілердің пікірінше, бірден кеудеге қойылмаған балалар алғашқы алты сағаттың ішінде сору қабілетін сақтайды, сондықтан осы алты сағаттың ішінде кеудеге қоюдың өзі аса қажет.

2. Кеудеге басу бір сағаттан кейін немесе сәл кештеу жасалса да, ана омырауы баланың аузына тиген алғашқы нәрсе болуы тиіс. Сондықтан ана баласын бір сағаттың ішінде тамақтандырмаса, қандай да бір жасанды тамақтандыруды болдырмау керек.

3. Баланы іштен жарып алып шыққан соң сүт кештеу, тіпті тоғызыншы күні бірақ келуі ықтимал.

4. Қосымша тамақтандырудың өзі емес, оны беру тәсілі дұрыс емес болуы ғажап емес! Сүтпен емізуде бөтелке ең қажетсіз және қауіпті зат болып есептеледі. Ал егер ана баласын кеуде сүтімен тамақтандырса, қосымша жасанды емізу қажетсіз болып табылады. Сондықтан келесі ережелерді қолдану керек: қосымша тамақтандыру үшін кішкентай қасық, пипетка, медициналық шприц, пенициллин құтысы, алайда емізегі бар бөтелке емес; қосымша тамақты тәртіп бойынша береді, ол кеуде сүтімен тамақтандыруға дейінгі және кейінгі аралықта берілуі керек. Алғашқы он күнде балаға 30 мл-ден көп қосымша тамақ бермейді. Осымен, ананың сүті аз бөлініп, қосымша тамақтандырудың маңызы жоғары болса, қосымша тамақтың берілуін дұрыс қадағаласа, ана кеуде сүтімен де тамақтандыру қабілетіне ие болады.

5. Қосымша тамақтандыру бөтелкенің көмегімен немесе тым көп мөлшерде дұрыс емес жасалса, кеудеге қатты зауқы болмайды әрі оны дұрыс емес емеді. Егер кеуде сүтін тым көп бере берсе, ол ұйықтағысы келеді, ал үйреншікті қалыпта бермесе, жылай бастайды. Осындай кішкентай баланы қайта тәрбиелеуге бола ма? Әрине болады, тіпті аса қажет те. Биологиялық ырғақтарды сақтап, дұрыс қалыпта тамақтандырудың рөлі ана үшін де, бала үшін де аса маңызды. Ананың жасаған әрекеттері баланың генетикалық күтіміне сай келгенде, оның ұрпақтық «бағдарламасы» іске қосылады. Дұрыс тамақтандырғаннан кейін сәбидің ағзасы эндорфиндерді (қуанышты тудыратын гормондар) бөле бастайды. Сондықтан баланы емуге қайта үйретсе де, жылатса да, бала ешбір күйзеліске ұшырамайды.

6. Әрине, баланы іштен жарып алғанда тамақтандыру кезінде басқа да қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ олар перзентханада басқа жолмен бала туған аналардың қажеттіліктері сияқты біршама оңай шешіледі.

Мақаланы әйел адамның құрметіне орасан зор алғыспен бітіргім келеді. Әйел адам деген сөз өте мәртебелі. Ол жаңа адамдарды туғыза алады. Бұл ғажайып емес пе? Сондықтан Сізге – әйел адамға – берілген күшпен әрі құдіретпен дені сау балаларды өсіріп тәрбиелеуге толық мүмкіндік бар. Сәттілік болсын!

Ж. Алтаева, Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігер үйлестірушісі

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы