Өз өміріңізді қысқартпаңыз!

Темекі тарту – әдет пе, тәуелділік пе? Неге көптеген адамдар темекіден бас тарта алмайды. Бұл және басқа да сұрақтарға Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары жауап беруге тырысты. Дәрігерлердің айтуынша, адамның денсаулығы тек өзіне қатысты. Егер ол шынымен де шылым шегуден бас тарту керектігі туралы шешімге келсе, бұл зиян әдеттен тез арылуға болады. Ең бастысы, адамның еркі мен талпынысы және айналасындағы адамдар мен мемлекет. Неге? Себебі мемлекетте үлкен территория бар, сондықтан ол өз халқының денсаулығына жауапты. Ең бастысы темекі өнімін елге енгізуді доғару керек немесе оның бағасын үш-төрт есе көбейту керек. Сонымен қатар қораптың сыртында «Таңдау жаса: өлім немесе өмір!» деген жазулар жазу керек.

Темекі тарту әлемдегі өлім-жітімнің екінші себебі болып табылады және қазіргі таңда он адамның бірі осыған қатысты себептен көз жұмады. Осы мәселеге қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары «ДДҰ-ның темекіге қарсы Рамалық конвенциясы» (әрі қарай – ДДҰ ТҚРК) атты бағдарламасын құрды.

ДДҰ ТҚРК – ДДҰ-ның бірнеше мемлекет өкілдерінің басшылығымен темекіге қарсы ортақ шешіммен құрылған тарихтағы алғашқы келісім. ДДҰ-ның көрсеткіштері бойынша, темекіден болатын өлім-жітімнің алдын алуға болатын себептерінің арасында алдын алуға болатын жағдай болып табылады. Осы жылы темекімен байланысты себептермен байланысты туындаған миокард инфаркты, инсульт, обыр, тыныс алу жүйесінің және басқа да аурулардың себебінен 5 миллионға жуық адам қайтыс болуы мүмкін. Бұл санаққа «белсенді емес» 600 000 темекі тартушылар, соның ішінде балалар да бар екендігі есепке алынбаған. Сондықтан, біз – 15 миллионнан астам халқы бар мемлекет – демографияны арттыру мақсатында өлім-жітімнің деңгейін азайтуымыз қажет. Неге біздің аналар мерзіміне жетпеген немесе ауру балаларды дүниеге әкелуде? Себептердің бірі – ерте жастан темекі тарту. Қазақстандағы темекі тартатын қыздардың орташа жасы – 12 жастан жоғарғылар, соның ішінде шылым шегу жағдайы 20-29 бен 40-49 жас аралықтарында ең көп тіркелген.

Сондықтан бұл жағдай әйелдер мен ер адамдар арасындағы обырдың себептері болып табылады. Отандық денсаулық сақтау жүйесі аурулардың алдын алу мақсатында профилактикалық және жаппай ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. Алайда бұл мәселе – тек дәрігерлер медициналық қызметкерлердің ғана бас ауруы емес. Яғни, темекі тартатындармен қоса оның түтінін жұта отырып, белсенді емес «демалушылар» да көпшілік жиналатын жерлерде шылымға қатысты заңнаманың жоқтығынан зардап шегетіні белгілі. Осы мәселені шешу мақсатында ДДҰ ТҚРК келісімін ойлап тапқан болатын. Оның міндеті – қазіргі және болашақ ұрпақтыың денсаулығын сақтап қалу, сондай-ақ темекі шегу мен оның түтінінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағынан жағымсыз әсерінен қорғау.

Біз өз денсаулығымызыз тек өзіміздің қолымызда екендігін ұмытпауымыз керек. Сондықтан Қазақстанда аурулардың алдын алу мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылған. Оның негізгі міндеті: әлеуметтік маңызы бар аурулар туралы халыққа ақпарат тарату, салауатты тамақтану мен белсенді өмір салтын насихаттау. Сол себепті де СӨСҚО үйлестіруші дәрігерлері ДДҰ-мен бірлесе отырып, жоғарыда атаалған келісімді қолдауға тырысады.

ДДҰ ТҚРК 2005 жылдың ақпанынан бастап күшіне енді. Қазақстан бұл Конвенцияға 2006 жылдың қараша айында қосылды. ДДҰ ТҚРК темекіні тұтыну мен таралу ісін азайтуға, сондай-ақ шылым шекпейтін халықтың денсаулығын қорғап қалуға: жарнамаға шек қою, темекі өнімдерінің сыртында ескертетін белгілерді қою, салықты өсіру, темекі түтінінен халықты қорғау, контрабандамен күрес. Бұл шаралар елдерде ұлттық, жергілікті және халықаралық деңгейлерде қаралуы тиіс.

Әсел Жұмағұлова, СӨСҚО журналисті.

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы