Дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған тренинг? Бұл – өзекті!

«Денсаулықты нығайтуға себепші мектептер» атты ДДҰ-ның жобасын жүзеге асыру мақсатында «Арман қала» жастар денсаулық орталығының осы бағдарламаға жауапты үйлестірушілері дене шынықтыру мұғалімдеріне арнап, «Оқушылардың физикалық белсенділігінің психологиялық жағдайлары» атты тренинг өткізді.

Аталмыш тренингтің мақсаты: оқытушылық қызметтегі дене шынықтыру мұғалімдерінің психологиялық таным деңгейін жоғарылату.

Бүгінгі таңда жастар мен жасөспірімдердің спорттық қызығушылығы, физикалық белсенділігін арттыруға ғылыми-әдістемелік негіздемесі психологиялық жағынан жеткіліксіз қамтылған. Өмірде бірдей адам болмайтындықтан, балалардың да сыртқы факторларға қарсы тұру қабілеті, жүйке жүйесі, ағзасының физиологиялық жағдайы әр түрлі болады. Сондықтан дене шынықтыру пәні мұғалімінің басты міндеті – оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке басының мүмкіндіктерін (физиологиялық жағынан да) ескере отырып, олардың қызығушылықтарын арттыру.

Аталмыш пәнге қатысты «екінші реттік» қосарлы сабақ деген көзқарасты өзгерту керек. Басқаша қарағанда, «дене шынықтыруда секіреді, жүгіреді, одан басқа не керек?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Көп жағдайда, дене шынықтыру сабағы оқушылардың қимыл қозғалысын белсендіру әдісі болып табылатындығы белгілі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары үшін балалардың дене мәдениетін қалыптастыруға қатысты олардың ішкі сенімдері мен қызығушылықтарын арттыру керек.

Оқушылардың физикалық белсенділігі, соның ішінде психологиялық жағдайы – дене шынықтыруға қатысты қызығушылығы, олардың жас ерекшеліктерін ескеру шарт. Бұ мәселеге қатысты тағы бір шешім – бала ағзасының функционалдық ерекшеліктеріне сай әр түрлі тәсілдерді ұсыну. Дене шынықтыру мұғалімдерімен сөз барысында сабақтан босатылған балалар туралы мәселе қарастырылды, сол сабақ уақытындағы олардың бос уақытын қадағалау – медициналық және психологиялық тұрғыдан дене шынықтыруды қамтудың қажеттілігін танытады. СӨСҚО негізінде спорттық медицина бөлімін ашу бұл мәселеге сүбелі үлес қосатындығы сөзсіз.

Тоқбаева Г.С., СӨСҚО ЖДО бастығы

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы