Алдын ала ескеру – көш ілгері

Сау болғанда жүгірмесең, ауруға
шалдыққанда шалдығып жүгіруге тура келеді.
Гораций

ҚР халқының ауруға ұшырау құрылымында тыныс алу жолдарының ауруы алғашқы қатарда тұр. Оның өзекті болып тұрғанының себебі, жіті респираторлы аурулар мен тұмау халық өлімінің көрсеткішіне айтарлықтай әсер етуінде.

Тұмау – бұл ауыр вирусты инфекция, адамдардың жынысы мен жасына қарамастан жұғады. Өте жіті болып келетін бұл ауру, күрт жеріктік, ринит түрінде талаураған құбылыстар, мұрынның бітелуі және бронхтың зақымдануымен жөтелмен ерекшеленеді. ЖРВИ және тұмау – адамның ең кеңінен таралған ауруларының түрі. Онымен барлығы аурады – біреулер жиі, басқалары аз. ЖРВИ мен тұмауға алып келетін вирустар мұрыннан тамаққа одан өкпеге дейінгі тыныс жолдарын жауып жатқан эпителиалды жасушалар болып аталатын жасушаларды бұзады. Аталған вирустар өте көп, олардың арасындағы ең танымалы – тұмау, бірақ танымалдығы аздаулары да бар, бірақ зияндылығы жағынан асып түспесе кем түспейді (паратұмау, аденовирус, риновирус, реовирус және т.б.). Ерекше көңілді түсіретіндігі бұл вирустардың әр біреуінің белгілі бірнеше саны бар (паратұмау – барлығы 4, тұмау он шақты), сондықтан адам теория тұрғысынан, кей кезде жиі кездесетін тәжірибе тұрғысынан да ЖРВИ және тұмаумен жиі ауруы мүмкін.

Адамнан адамға микробтардың таралуы ауа-тамшы жолдарымен жөтел мен түшкіргенде жұғады. Сонымен қатар тұрмыстық жағдай да таралуы мүмкін, мысалға, үй тұрмысындағы заттар арқылы (қасық, кесе, ойыншық және т.б.). Жұқтырып алған уақыт пен аурудың бірінші белгісінің көріну арасындағы уақыт өте қысқа болуы мүмкін – бірнеше сағат.

Тұмау және ЖРВИ-мен ауырмаған бірде бір жан жоқ, сондықтан оның белгілері баршаға таныс. Ең басында аздаған әлсіздік байқалады, біраздан кейін дене қызуы көтеріліп, мұрынның бітелуі мен жөтел пайда болады. Тұмау туралы айтар болсақ, ғалымдар оның А, В және С деген ең негізгі 3 түрін бөліп қарастырады. А тұмауы – ең қауіптісі. Ол әрдайым түрлене отырып, әр түрлі эпидемияларды туғызады. В вирусы шамалы түрленеді егер С вирусы тек балалар еншісіне тисе, В вирусымен көбінесе балалар ауырады.

С вирусы шамамен тұрақты деуге болады. Бір рет ауырған адамда өмір бойына оған қарсы иммунитет пайда болады, яғни бұл вируспен онымен алғаш рет кездескенде ғана жұқтырады. Бұл вирустың түрі кең таралғандықтан ересек адамдар онымен өте сирек ауырады.

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың басты қаупі олардың келесі асқынуларды туындатуымен байланысты: пневмония, жүрек қан тамыр аурулары, созылмалы ауруларды асқынуы және т.б.

Егер тұмаудың белгілері мен әсер ету жағдайларына мұқият назар аударсақ, ауырсыну сезімі бүкіл ағзада бірдей байқалатынына көз жеткізуге болады. Сіз мысалға бас ауырғанда сияқты бір ғана дәріні ішіп қана құтыла алмайсыз. Тұмау кезінде әлсіздік пен ауырсыну жағдайы ағзаның тұтас бөлігіне тән болғандықтан, төсек тартып жату өздігінен меңзелетіні айқын. Себебі ауруды «шауып жүру» әрі өздігінен ем-дом жасау арқылы жеңудің сәттілігі шамалы.

Шананы жаздай дайында

Шығыс ғалымдары бір мүшенің зақымдалуы жеке ауру емес, бүкіл ағзаның қанағаттанарлықсыз күйде екендігінің көрсеткіші болып табылады деп есептейді. Сондықтан тұмады тіпті логикалық тұрғыдан алып қарағанда тек дәрі, антибиотиктермен ғана жеңу жағдайы шамалы екендігін анықтауға толық негіз бар. Бұл әрекет аурудың сыртқы белгілерін ғана алып тастайды. Бір стақан суда дәріні ерітіп іштіңіз, сәл жеңілдеуді сезіндіңіз де дереу жұмысқа кірісіп кеттіңіз. Бұл – дұрыс емес. Біріншіден, төсекте жатып емделмесеңіз, сауығу көпке созылып кетуі ықтимал. Екіншіден, тұмау – жұқпалы ауру, сондықтан қоғамдық жерде түшкіріп жөтелудің қажеттілігі шамалы. Үшіншіден, бір стақан судағы дәрі – ем емес. Дене қызуының төмендейтіндігі, мұрынның бітуі мен жөтелдің бітетіндігі, әрине, қуантады. Шын мәнінде, вирус сол қалпында қалады. Тіпті оның әрі қарай гүлденіп жетілуіне тамаша жағдай жасалады – адамның қалыпты дене температурасы ол үшін таптырмайтын қолайлылық. Вируспен күрес шын мәнінде мәнді болу үшін оның көбеюіне немесе ағзадан мүлдем жойылуына әсер ететін вирусқа қарсы күшті құралдар қажет. Сондықтан жан-жақты (алдын алудың тиімді шаралары) және кәсіби (дәрігерге қаралып, оның айтқандарын сөзсіз орындау) әсер, өз ағзаңызға деген жауапты көзқарас, денсаулықтың нығаюы мен сақталуына уақытында аударылған назар арқылы адам жасы 10-15 жасқа ұзаратын өмір салтына қол жеткізуге болады. Бұл ретте американдық ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша, тұмаудың асқыну жағдайлары адамның бір жылғы өмірін ұрлап алады деген толғаулары куә.

Саулық – байлық негізі

Алдын алудың арзан әрі ең қарапайым тәсілі – бетке арналған масқа тағу. Оны тағудың өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, оны үш сағаттан көп тағуға болмайды, екіншіден, бір реттік маскаларды атына сай бір рет қана қолдану керек. Ал мата, дәкеден жасалған маскаларды тазарта жуып, үтіктеп, қайтадан тағуға рұқсат беріледі. Үшіншіден, маска бетке толықтай «жабысып» тұрғаны дұрыс, яғни тек ауыз ғана емес, мұрын тұмшалануы тиіс. Масканы сау адамдар да, ауруға шалдыққандары да тағуы тиіс.

Алдын алудың бұдан да сенімді шарасы танымал. Тұмауға қарсы вакцинация онымен ауыру санын күрт төмендетеді, бұл ретте вакцинаны отбасының барлық мүшелері мен олардың айналасындағы адамдардың да қабылдауы тиімділікті арттыра түседі. Вакцинация қауіпті топқа кіретін адамдарға қажет-ақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, вакцинаны қабылдаған қарт адамдардың тұмаумен ауыруы асқынған кезде емделуге жатуы – 33%-ға, ажал құшуы – 50%-ға төмен екені байқалады. Балалар арасында – аурудың төмендеуі 60-90%, ересектер арасындағы – сырқаттану 25-34%, еңбекке жарамсыз күндері – 32-43%,  дәрігерге бару саны – 42-44%-ға қысқарады.

Вакцинаны дене қызуы көтерілген болса, созылмалы аурулар ушықса кейінге қалдырған оңтайлы.

Тұмаудан сақтанудың басқа да шаралары туралы ұмытпаған абзал. Бұл – санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуы, соның ішінде әсіресе, қоғамдық жерлерден келген соң қолды, мұрын ішін жақсылап жуу, жөтелгенде не түшкіргенде бетті қолымен бүркеу, мұрынның тыныс алу қуыстарына оксолин майын жағу, пияз бен сарымсақтың фитонцидтерімен дем алу. Сонымен бірге орын-жайды жиі жинастыру мен тазарту, құрамында аскорбин қышқылы және басқа да дәрумендерге бай азық-түлік өнімдерін асқа пайдаланған аса қажет.

Көпшілік тығыз жиналатын жерлерден бойды аулақ ұстап, қоғамдық көліктерге мінбей, мейлінше жаяу жүрген денсаулыққа аса пайдалы. Бұл балаларға да қатысты жайт.

Алдын алудың ең тамаша әдісі – аяқ астынан емес, жүйелі әрі саналы құрылған салауатты өмір салтын ұстану. Дұрыс тамақтану, жеткілікті дене қимыл-қозғалыстары адамның төзімділігін арттырады, зат алмасу процесін жақсартады, жалпы көңіл күй жағдайын жоғарылатады. Бұл – психикалық денсаулық пен ми жұмысының қалыпты жұмыс істеуінің тиімді алғышарты.

Дер кезінде анықталған тіс жегі, құлақ не мұрын қабынуы сияқты «ұсақ» ауруларды емдеудің қажеттілігі өте зор. Тұмаумен сырқаттанған сәтте, Сіз ұмытып кеткен дәл осы аурулар көрмегенді көзге көрсетеді. Бұл жағдай төсек тартып жату науқанын ұзарта түсетіні айдан анық.

Сау өмір салтының ережелеріне тұрақты сүйену және оларды жан-тәнімен орындау, ағзаның қорғаныш қызметін мезгілімен күшейтіп отыру кез келген ауруды жеңуге негізделген мықты ағзаны сомдауға кең жол ашады. Тұмау – иммунитеті әлжуаз адамдар үшін маусымдық ауру. Ал өзінің денсаулығына қатысты жауапкершілікті алға тартатын тұлғалар жыл бойы да, өмір бойы да жастығы мен саулығын сезініп, кез келген іске дайын тұрады.

Алдын алу шараларын орындап, деніңіз әрқашан да сау болсын!

М. Құрманов, Салауатты
өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы