Жастықтың балғындығы мен қайратты тұлға: бұл туралы арман етпеген пенде бар ма? Алхимиктер мен ғалымдар мәңгі өлместің кілтін табуға бар жанын салуда. Әзірше бұл ғажап мүмкін емес, дегенмен де өмір жасын ұзарту мен балғындықты мейлінше сақтап қалу – әр адамның қолынан келетін мүмкіндік.
Сондықтан, бұл ретте адамның генетикалық жас ұзақтығы 120-140 жылға сайып келетінін айту қажет. Ал көптеген елдерде қалыпты норма ретінде шамамен 70-80 өмір сүру уақыты «бекітілген». Соның ішінде 50-60 жас ауруға шалдығу мен қарттыққа дайындалу жағдайында өтетіні мәлім. Адам қатал қысқа азық жинақтайтын аңға ұқсайды, бірақ ол өмірін шын мәнінде жақсартудың қамын емес, керісінше оның күш-қуатын азайтатын қарекетпен айналысады. Медицина қызметкерлері бұл ретте көмекке келуге тырысады, жекелеген жағдайларда адам өмірін сақтауда үлкенді-кішілі ғажайыптар да болып тұрады. Бірақ айтыңызшы: бітпейтін дәрі қабылдау процесі, емханаларда кезек күтіп тұру, оперативті көмекке жүгіну, ауырсынудан қиналу және өз ауруына қатысты шара қолдануға икемсіздіктен жапа шегу... Сіз осындай өмір өмірді аңсадыңыз ба?
Шығыстың ғалымдары ауру – белгілі бір мүшенің ғана емес, толықтай алғанда ағзаның жалпы бұзылысы туралы хабар беру деген көзқарасты ұстанады. Сондықтан, тіпті логикалық тұрғыдан алып қарағанда, тұмауды емдеп жазудың өзі тек дәрі қабылдаумен шектелмеуі абзал. Дертті емдеуде жан-жақты әдістемелерді пайдалану және өз ағзаңызға деген сыйласымды көзқарас, денсаулықты жақсарту мен нығайту мақсатындағы талмас ізденіс салауатты өмірге бастайды. Осыдан келіп, адамның өмір сүру жасы кем дегенде 10-15 жылға ұзаруы ықтимал.
Бір сәтке өзіңізде үй жануары бар деп елестетіңіз: сіз оны күнделікті жұмысқа жегесіз, жасанды тағамдармен тамақтандырасыз (көкөніс, жеміс және жаңа жасалған ас), кейде ас қабылдау тәртібін мүлдем ұмытасыз, кешке қарай үй жұмысына саласыз. Оның күш-қуатын қалыпқа келтірместен әрі ауруына қарамастан алға қарай ұмтылдырасыз, сөйтіп ол әбден қалжырап, ажал құшқанша ентіктіресіз. Ал бұдан соң «ол өзінің қызметін адал орындамады» деген кінәрат тағуыңыз да ғажап емес. Ал бұл аңның кейпін өзіңізге бұрыңызшы, ұқсастықтарды байқамайсыз ба? Ал соңғы айтылған айыпта өзіңіздің сүйікті тұлғаңызға қатысты көпшіліктің әділ бағасын айқын көре аласыз.
Өзіңіздің тұрмыстық техника, машина, ақша мен өзге де материалдық құндылықтарды өте жоғары бағалайтыныңыз белгілі. Әрине, олар қартайған шақта сіздің қуанышты тірегіңіз, барлық жетістіктеріңіздің жарқын көрсеткіші болуы мүмкін ғой.
Бұдан кейін өзіңізге деген сыйласымды көзқарасыңыз өзгерді ме? Адамның жігері, қайраты, өмірлік ресурстары шектеулі. Ал белгілі бір ауру туындамас бұрын оның айқын белгілеріне назар аударып, асқынудың алдын алған дұрыс. Бірақ осы уақытта адам өзінің ағзасына барынша азап шеккізіп, тоқтаусыз (мұны қаншалықты жалынмен айтатынына назар аударыңыз) өзінің тылсым дертіне, дәрігерлердің дәрменсіздігіне, емнің тиімсіздігіне қатысты «қиналатыны» бар.
Ал осы қақпаннан шығу жолы оңай да тиімді. Ол – белсенді әрі салауатты өмір салтына аяқ басу, ағзаның күшті мүмкіндіктерін ояту.
Біз материалдық құндылықтардан бас тарту немесе қарабайыр тіршілікке мойынсұнуды ұсынып отырғанымыз жоқ. Бірінші кезекте адам қайнаған тірлікте өзінің құндылығын сақтап қалу үшін өзіне жіті назар аударуы керек, осылайша ғана қоғамға әрі өз еліне пайдасын тигізе алады.
Аталмыш мақала оқырманның ақылды ағзасына әсер етіп, толыққанды, салауатты әрі жарқын өмір сүруге бағдар беретініне сенеміз. Бұл үшін бір сөз сіздің алғашқы қадамыңызды жасауға ықпал етеді: бұл – профилактика, профилактика әрі тағы да профилактика.
Жетпісова Г., СӨСҚО бас редакторы.
