"Денсаулық сабағы 2011"

1 қыркүйек

Сағат 10.00

№ 60  лицей-мектебі

Кубрина көшесі 21/1

Барлық БАҚ назарына!!!

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі Салидат Қайырбекованың қатысуымен №60 мектеп лицейінде "Денсаулық сабағы 2011" өтеді.

Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Білім және ғылыми министрлігімен, Туризм және спорт министрлігімен, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп республиканың барлық мектептерінде 1 қыркүйек күні «Денсаулық сабағы – 2011» өткізеді, ол балаларға арналған нағыз Денсаулық мерекесі болмақ.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығы жылында Денсаулық сабағы - 2011  басты тақырыбы ретінде салауатты өмір салты мәдениетінің түрлі аспектілері таңдалады: белсенді дене қимылы, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерге қарсы тұра білу, тұрмыста және жолда жүргенде қауіпсіз мінез-құлықтың болуы.

Мақсаты: өскелең ұрпақ арасында  салауатты өмір салты мәдениетін насихаттау мен қалыптастыру, өскелең ұрпақты денешынықтырумен және спортпен айналысуға жұмылдыру.

Ұран: «Денсаулығыңды күтуге дағдылан!» - оқушылардың әрқайсысын күнделікті белсенді болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерге қарсы тұра білуге, салауатты өмір салтының дағдыларын игеруге  шақыру. Бұл акция мектеп оқушыларының барлығына салауатты өмір салты аспектілері бойынша көбірек ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Журналистердін аккредитациясы қажет!!!

Анықтама телефондары: 35-16-26

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы