26 тамызда №5 қалалық емханада СӨС ҚО мамандары Ж. Алтаева мен Б. Оспанова семинар өткізді.
2009 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. «Халықтың мақсаттық топтарын алдын ала медициналық қаралулардан өткізу Ережелерін бекіту туралы» №685 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында семинар өтті. Аурулар мен қауіпті факторларды ерте сатыда анықтау бойынша халықты жергілікті орындарда скринингті зерттеуді дұрыс ұйымдастыру мен тиімділігі жөнінде ақпарат берілді. №5 қалалық емхананың қызметкерлері аталған тұрғындарды алдын ала қараумен жыл басынан айналысып келе жатқанмен қосымша мағлұмат беру артық етпеді және олар өздерінің ұсыныстарымен де бөлісті. Семинар өте қызыты әрі жемісті өтті.
