Қаланың тұрғындарын скринингтік қарау бойынша өткен семинар

2009 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. «Халықтың мақсаттық топтарын алдын ала медициналық қаралулардан өткізу Ережелерін бекіту туралы» №685 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында, №1 ҚЕ скринингтік қаралумен айналысатын қызметкерлермен семинар өтті. Семинарда ұйымдастырушылар СӨС ҚО алдын алу бағдарламалар бөлімінің бастығы Ж.М. Какенова мен СӨС ҚО дәрігер үйлестірушісі Ж.Қ. Алтаева сөз сөйледі.

2011 жылдың басынан бастап қалалның барлық БМСК ұйымдарында жеті ай көлемінде әлеуметтік маңызға ие ауруларды және қауіпті факторларды ерте сатыда анықтау үшін тұрғындарды скринингтік қарау жүргізіліп келеді. Олардың нормативтік базасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы болып табылады. Алдын алу зерттеулері келесі аурулар бойынша жүргізіледі: қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті, глаукома, жатыр мойны және сүт безі обыры, жуан және тік ішек обыры, балалардағы есту қабілетінің патологиясы. Осының арқасында қала тұрғындарында әлеуметтік маңызға ие ауруларды алдын алу мәселелері бойынша кеңес алу, өзінің қан қысымының деңгейін білуге, қандағы қантты анықтауға және есепке тұру мүмкіндігі бар.

Семинар қатысушыларна «БМСК әр түрлі деңгейінде ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік бағдарламаларды енгізу аспектілерін ұйымдастыру» тұсауы кесілді. Содан кейін қатысушылар туындайтын қиындықтар туралы айтты. Олардың ұсыныстары бойынша БАҚ-та скринингтік қаралудың маңыздылығы туралы көбірек хабар беру қажет. Жалпы семинар қызықты әрі жемісті өтті.

 

Пікір қосу

Қорғаныс коды
Жаңарту


Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы