Денсаулық сақтау саласында «Денсаулық Жолы» акциясын өткізу жақсы дәстүрге айналды. 2011 жылдың 16 тамызында «№2 қалалық емхана» ШЖК МКК («Лесозавод» СДА) «Денсаулық Жолы-2011» кең көлемді акциясы өтті. Оның мақсаты ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесіне қоғам мен билік органдарының назарын аударту, сонымен қатар әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу мәселесі бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық-ағарту және практикалық көмек көрсету болып табылады. Акцияны Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мен Астана қаласы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты әлеуметтік бағдарланған БМСК-ні дамыту арқылы медициналық көмек көрсетудің тиімді әрі қолжетімді жүйесін жасау, ауылдағы БМСК көрсету жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру, сонымен қатар әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте сатысында анықтауға бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарламаны енгізу болып табылады.
Қазақстан халқының 45,2%-ке жуығы ауылдық жерде тұрады, оларға 4985 емдеу-профилактикалық мекеме медициналық көмек көрсетуде. Бұл акцияның рөлі ауыл тұрғындарына ақпарат беру деңгейін арттыру, салауатты өмір салты ұстанымына ынталылықты арттыру, денсаулықты нығайту болып табылады. Қазіргі кезде артериалды қан қысымының аурулары, туберкулез, онкологиялық аурулар және басқа да СИЕА кең етек жайып келеді. Сондықтан алдын алу қаралулардан өтіп тұру өте маңызды.
«Денсаулық Жолы-2011» кең көлемді акциясы Астана қаласының жекеленген ауыл аймақтарына құрамын барлық салалық мамандар мен СӨС қалыптастыру қызметінің жұмысшлыры құраған оңтайлы медициналық бригаданын шығуымен жүзеге асты. Осының арқасында ауыл тұрғындарының салалық мамандардан кеңес алу мүмкіндіктері болды. Салалық мамандар тұрғындарды қабылдап жатқан кезд, СӨС ұйымдастырушылары викторина ұйымдастырды, ақпараттық білім материалдарын таратты, балалармен спорт сайыстарын өткізді.
Акцияны өткізуде және ұйымдастыруда «Гедеон Рихтер» фармацевтикалық компания үлкен көмегін тигізді және «Medhouse» ұсынды. Тәжірибеден көргеніміз аталған акциялар тұрғындар үшін өте ыңғайлы әрі тиімді. Акция барысында 367 адам қаралды, олардың арасынан 210 адамда патология анықталды.
