Мемлекеттік қызметкерлер скринингтен өтуде

11-ші шілдемен 25-ші шілде аралығында Астана қаласының мемлекеттік қызметкерлері №4 қалалық емханада скринингті қаралудан өтуде. 20-шы шілде күні алдын алу медициналық қаралудан өту графигіне сәйкес тексерістен Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері өтті. Аталған шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты, олар өз кезегінде Денсаулық сақтау басқармасының бастығы А. К. Сегізбаевадан сұхбат алды. Өз сұхбатында ол Денсаулық сақтау басқармасы мен Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру оралығының скринингті қаралуды насихаттау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен журналистерді таныстырды. Сұхбат аяқталғаннан кейін, скринингті қаралудан БАҚ өкілдері де өтті.

Фотогалерея

 

Пікір қосу

Қорғаныс коды
Жаңарту


Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы