29 маусымда Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы базасында скринингті қаралуды жүргізу бойынша жедел есептерді қалыптастыру жөнінде АМСК ұйымдарының (қалалық емханалары, Темір жол ауруханасы, ҰОС республикалық госпиталі, «Көктал» ОЕА, «Демеу» ОМОТО) емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша бас дәрігерлердің орынбасарлары үшін семинар-отырыс өтті. Ауруларды ерте сатыда анықтау бойынша Астана қаласы тұрғындарына скринингті зерттеудің жүргізілу проблемалары талқыланды. Скринингті қаралудың тиімділігін талдау әдістері мен есептері, ұйымдастыру мәнісі бойынша материалды слайдтардың презентациясы ұйымдастырылды.
