2011 жылдың 14 маусымында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Елорда тұрғындары үшін «Пайдалы кеңестер аллеясы» акциясын өткізді, оған медициналық ұйымдардың жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен «Гедеон Рихтер» компаниясы, оқу клиникалық орталығының қызметкерлері қатысты. Сағат 11:00-ден кешкі 16:00 дейін медициналық ұйымдардың қызметкерлері тұрғындарға барлық ауру түрлері бойынша, соның ішінде остеопорозды, артериалдық қысымның алдын алу, контрацепция әдістері мен дәрігерге дейінгі көмек көрсету (жүрекке тікелей емес массаж, жасанды тыныс беру) туралы кеңестерін берді. Сонымен қатар, аурудың негізгі қауіпті факторлары бар адамдар анықталған жағдайларда білікті көмек алу үшін тиісті медициналық мекемелерге жіберілді.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде скринингті бағдарламалар бойынша жүргізілді.
Жыл басынан бастап ұлттық скринигтік бағдарлама өз күшіне енді. Ол бойынша қаланың АМСК медициналық ұйымдарының барлығы жұмыс істеуде. Аталған бағдарлама келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: АҚ, ЖИА, қант диабеті, глаукоманының, сүт безі обырының, жатыр мойны обырының, жуан ішек пен тік ішекте қателіктердің жаңадан пайда болуының дамуын ерте сатыда анықтау.
Нақты мамандықтар бойынша тегін кеңес алу үшін адамдар ағымы аяқталмай, кешке дейін жалғасын тапты. Бұл тұрғындар үшін өте ыңғайлы болды: олар саябаққа демалу үшін келді, сонымен қоса дәрігерлерден қажетті кеңесте алды. Мамандар, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, медициналық колледждің волонтерлері жақсы жұмыс істеді. Жастар мен қарттар да, барлығы қаралды және өздерінің жылы лебіздері білдірді.
Өткен «Пайдалы кеңестер аллеясы» қалалық акциясы туралы ақпарат
| № | Ұйымдар | Барлық қаралғандар | Анықталғаны | Темекі шегетіндер | АДС | Кеңес алуға жіберілгендер |
| 1 | №1 қалалық емхана | 52 | 5 | 5 | 3 | 21 |
| 2 | №2 қалалық емхана | 44 | 7 | 9 | 6 | 4 |
| 3 | №3 қалалық емхана | 64 | 16 | 8 | 13 | 19 |
| 4 | №4 қалалық емхана | 35 | 10 | 10 | 5 | 4 |
| 5 | №5 қалалық емхана | 29 | 6 | 6 | 4 | 6 |
| 6 | №6 қалалық емхана | 47 | 16 | 6 | 6 | 19 |
| 7 | №7 қалалық емхана | 43 | 12 | 4 | 7 | 11 |
| 8 | №8 қалалық емхана | 29 | 6 | 6 | 6 | 5 |
| 9 | Барлығы: | 343 | 78 | 54 | 50 | 89 |
Пайдалы кеңестер аллеясы» акциясында барлығы 343 адам қаралды, олардың ішінде 78 адамда патология, 104 адамда қауіп факторы анықталды, ал нақты мамандардың көмегіне жүгіну үшін 89 адам жіберілді.
