Әр жылдың 17 мамыры күні Астана қаласында Артериалдық қысыммен күресудің дүниежүзілік күнін атап өту жақсы дәстүрге айналды және астаналықтар арасында жақсы пікір қалыптасуда. Биыл жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен кардиологтардың тегін кеңес беруі негізінде «Мега Орталығы» СОО, «Алма» СО, «Гүлжан» СО, Астана қаласы Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында, Астанателекомда, Астана қаласының №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8 қалалық емханаларында «Өз қан қысымынды біл» акциясы өтті. Ал 2011 жылдың 17 мамырында Астана қаласының Кардиологиялық орталығында халықты скринингті зерттеу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Артериалдық қысыммен күресудің дүниежүзілік күніне арналған іс-шараны өткізудің мақсаты тұрғындардың артериалдық қысымның асқынуының қаупі туралы ақпараттануын жоғарылату, аталған ауру түрінің дамуын қалай тоқтатуға болатыны туралы ақпарат беру болып табылады. Қазақстандық медицина қызметкерлерінің пайымдауынша, аталған ауру туралы халықтың аз мағлұматты болуына байланысты, олар бұл аурудың қаншалықты қауіпті болып келетінін жете бағаламайды және ерте сатыда дәрігер көмегіне жүгінбейді.
СӨСҚОҰО мәліметтері бойынша Қазақстанда қанайналым жүйесі бойынша аурулар халықтың шалдығуы бойынша барлылық аурулар ішінде және өлім құрылымы бойынша бірінші орында тұр. Қанайналым жүйесінің ауруларынан республиканың 50,3% халқы азап шегуде, сонымен қатар артериалдық қысым үнемі өсуде. Зерттеулер бойынша, көп жағдайда артериалды қысымнан ер адамдар азап шегуде, өкінішке орай жылдан жылға жастар мен жасөспірімдер арасында ауруға шалдығу артып келеді.
Аталған акцияда 2722 адамның қан қысымы өлшенді, 466 жоғары қан қысым анықталды. Гипертония ауруының өсуіне өзіндік ықпалын шылым шегу, семіздік, қозғалысы аз өмір салты, ішімдікті шектен тыс пайдалану, күйзеліс тигізеді. Жоғарыда айтылғандай, аталған іс-шара қала тұрғындары арасында үлкен резонансқа алып келді. Біз өзінің қан қысымдары туралы білген азаматтар асқынуларға жол бермеу үшін алдын алу шаралары бойынша ұсыныс алу мақсатында дәрігер көмегіне жүгінеді деп сенеміз.
