1. СКРИНИНГ – бұл белгілі бір ауруларды немесе осы аурулардың дамуына ықпал ететін қауіпті факторларды анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден өткізу, сөйтіп емдеу тиімділігін арттырып, асқынушылықтың алдын алу.
Скрининг жүргізу кезінде келесі жұмыстар жүргізіледі:
- антропометрикалық (бойы, дене салмағы, бел ауқымы) өлшемдер жасау;
- артериалдық қысымды өлшеу;
- көкірек органдарының флюорографиясы;
- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы адамдардың көз іші қысымын өлшеу;
- 18, 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы адамдардың қанындағы холестерин мен глюкозаны анықтау;
- электрокардиография – негіздемелер бойынша;
- кардиологтың, эндокринологтың, офтальмологтың тексеруі – негіздемелер бойынша;
- созылмалы В және С гепатиті маркерлері бойынша қауптенетін топтардағы балалардан қан анализін алу.
Бұл зерттеулер жүрек-тамыр ауруларын, сусамырды, глаукоманы және олардың туындау қаупін, сонымен қатар гепатиттерді әлі емдеуге және инсульт, инфаркт, зағиптық, бауыр циррозы мен обыры сияқты қатты асқынуына жол бермеуге болатын кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Обырдың пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді болдырмау және ісіктерді ерте сатысында анықтау үшін мынандай тексерулерден өту керек:
Әйелдер:
- 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдердің патологиялық өзгерістерін анықтау үшін жатыр мойнынан алынған жағындыны цитологиялық зерттеуден өткізу ;
- акушер-гинекологтың тексеруі, кольпоскопия – негіздемелер бойынша;
- 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдердіі сүт безін рентгенологиялық тексеруден өткізу (маммография);
- маммологтың, онкологтың тексеруі – негіздемелер бойынша;
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ерлер мен әйелдер
- жуан және тік ішек ауруларын ерте анықтау үшін жасырын қан бойынша нәжісті тексеруден өткізу;
- хирургтың, проктологтың, гастроэнтерологтың тексеруі, жуан және тік ішектерді эндоскопиялық зерттеу – негіздемелер бойынша.
Осындай тексерулер жаппай жүргізілетін елдерде жаьыр мойны, сүт безі мен жуан ішек обырынан өліп кету күрт азайған.
Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген.
Скрининг Сіз тіркелген медицина мекемесінде жасалады.
Егер Сіз скринингке шақырылсаңыз – барып тексеріліңіз!
2. Қазақстан Республикасының әр азаматы ЖЫЛ САЙЫН АЛДЫН АЛА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТУІ ТИІС – балалар: педиатрдың, арнайы мамандардың тексеруі, қан мен зәр анализін тапсыру, құрал-аспаптық зерттеулер, ересектер: терапевтің тексеруі, әйелдер – гинекологиялық тексеру, көкірек органдарының флюорографиялық зертеулері, қан, зәр анализдерін тапсыру, арнайы мамандардың тексеруі – негіздемелер бойынша
3. Егер Сіз ДИСПАНСЕРЛІК ЕСЕПТЕ ТҰРСАҢЫЗ әрі Сіздың созылмалы сырқатыңыз болса – жуық арада өз дәрігеріңізге барып тексерілуіңіз және оның кеңестерін орындауыңыз керек!

Пікірлер