Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын, 2009 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. «Халықтың мақсаттық топтарын медициналық алдын ала қарауды өткізу Ережелерін бекіту туралы» № 685 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында, «2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жүйелі түрде негізгі әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау үшін халықтың жеке категорияларын скринингті зерттеу бойынша
жоспар-тапсырмасына сәйкес, қаланың медициналық ұйымдарында тұрақты негізде халықтың жеке топтарына скринингті зерттеулер жүргізіледі.
2011 жылдың 1 сәуірінде негізгі әлеуметтік маңызды ауруларды анықтау үшін халықтың жеке категорияларын скринингті зерттеу Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жүйелі түрде бұқаралық алдын ала қаралулар өткізіліп жатыр.
№№ 1,2,3,4,5,6,7,8 қалалық емханаларда, «Демеу» отбасылық медицина ғылыми-тәжірибелік орталығында әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау үшін, глаукоманы алдын алу бойынша, қант диабетін алдын алу (глюкометрия) бойынша халықтың жеке категорияларын скринингті зерттеулер өткізіледі.
Қалалық онкологиялық диспансерінде жатыр мойнының обырын (РАР тестін қолданып) және сүт бездерінің обырын (маммографиямен) ерте анықтау үшін скрининг жүргізіледі.
№№ 1,3 қалалық перзентханалары мен Перинатальді орталықта ерте жастағы балалардың туа біткен және тектілі есту қабілетінің патологиясын анықтау бойынша ашық есік күндерін өткізіледі (протативті аудиметрлер көмегімен).
2011 жылдың 7-ші сәуірінде №4 қалалық емхана негізінде Зертханалық технология орталығының презентациясын өткізу жоспарланып отыр. Орталықты ашудың мақсаты Астана қаласының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету кепілденген көлем шеңберінде, амбулаторлық – емханалық деңгейде сапалы, уақытылы зертханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сонымен қатар зертханалық диагностика қызметін бірыңғай басқаруды жүзеге асыру болып табылады.
