Алкоголизм және нашақорлықты алдын алу бойынша семинар

2 наурызда Көлік және коммуникация колледжінде «Салауатты университеттер» ДДҰ жобасы, 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын дамыту бағдарламасы щеңберінде алкоголизм және нашақорлықты алдын алу бойынша семинар өтті. Басты мақсат халықты салауатты өмір салты дағдыларына қалыптастыру.

Алкоголь – психологиялық белсендіргіш зат, оны қолдану денсаулық үшін тәуекелділік пен қолдану деңгейінің артуына алып келуі мүмкін. Алкоголь алып келетін зиян тек қана оны пайдаланған адамдарға ғана емес, олардың жанұяларына, сондай-ақ жалпы қоғамға әсер етеді.

Бүкіл әлемде алкогольді қолдануды қиянат ету әлеуметтік жағдайда және денсаулық сақтау саласында үлкен проблемаларды тудыратының мойындаған адамдар қатары артып келеді.

ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын алкольді пайдаланудан 2,3 млн. адам қайтыс болады. Бүгінгі таңда дүниежүзінде және Қазақстанда алкогольді пайдаланудан қалыптасқан жағдай өзінің масштабымен және даму қарқынымен алаңдатып отыр. Алкогольді шамасынан тыс пайдалануға байланысты проблемалар ұлт денсаулығына қауіп тудырады, психоневрологиялық және басқа да жұқпалы емес ауруларды, жүрек-қантамырлық, бауыр циррозы және ісік ауруларының әр түрлерінің туындауына тәуекелді арттырады.

Сонымен қоса, ол көптеген жарақаттардың, сондай-ақ жол көлік оқиғасы салдарынан алынған зақымдардың және мезгілсіз өлімнің негізгі әрі басты себебі болып табылады. ДДҰ қорытындылары бойынша жылына орташа алкогольді 8 литр пайдалануға жеткенде ұлт тектік қорының қайта оралмас өзгеру, яғни ұлттың азғындау үрдісі басталады.

Сұрақтар мен жауаптар іс-шарасының бағдарламасында: Алкоголь дегеніміз не? Адам ағзасына алкоголь мен есірткінің әсері қандай? Жүктілік ағымына қалай әсер етеді? Психологиялық белсендеткіш заттарды қолданудан пайда болған проблемаларға қатысты сахыналандырылған көрініс көрсетілді. Содан кейін, тыңдаушылар арасында мақал-мәтел сайысы өтті, қай команда көп мақал-мәтел айтса – сол жеңімпаз болды.

Өз іс-шараларында балалар дені сау адам болған ауру адамнан әлде қайда жақсы екенін көрсетті. Әр адамның денсаулығы өзіне ғана байланысты екенін де атап өтті.

Таңдау біздің қолымызда!

Фотогалерея

 

Пікір қосу

Қорғаныс коды
Жаңарту

Мәзір

Валюта бағамы


ҚР СӨС ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘНҰРАНЫ

таңертеңгілік жаттығу

Денсаулық сабақтары

Iзде

Біз әлеуметтік желіде



Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер