Айлықтың ұраны «Мен туберкулезді тоқтатамын»

2012 жылғы 22 ақпанда Қалалық туберкулезге қарсы диспансерде Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне арналған семинар өтті.

Семинар жұмысына: ҚТҚД бас дәрігерінің орынбасары О.А. Фомичева, ҚТҚД балалар бөлімшесінің меңгерушісі Ж.К. Дакенова, СӨС ҚО алдын алу бөлімнің бастығы Ж.М. Какенова, СӨС ҚО үйлестірушісі Қ.Ж. Хамзин, туберкулезге қарсы диспансердегі СӨС ұйымдастырушысы А.Д. Сейтказина, қаланың МҰ СӨС ұйымдастырушылары қатысты.

Семинар барысында туберкулезді алдын алу бойынша айлықты, «Ашық есік күндерді», медиа-жоспар бойынша іс-шараларды өткізу бойынша жоспарлар талқыланды.

Туберкулезді алдын алу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні – 2012 жылғы 24 наурыз

Айлық кезеңі – 2012 жылғы 23 ақпан – 23 наурыз

Айлықтың ұраны «Мен туберкулезді тоқтатамын»

Айлықты өткізудің мақсаты: Туберкулез және медициналық көмекке уақытылы жүгіну туралы халықтың ақпаратпен қамтылу деңгейін жоғарылату, халық арасында, әсіресе жастар арасында, салауатты өмір салтын насихаттау. Туберкулез проблемасына қоғамды тарту, олардың туберкулез жөніндегі түсінігін және жастардың бұл проблемаға деген немқұрайлық қатынасын өзгерту және олардың күштерін Қазақстан Республикасындағы туберкулез жағдайын жақсартуға жұмылдыру.

Фотогалерея

 

Пікір қосу

Қорғаныс коды
Жаңарту


Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы