Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы, «Салауатты университеттер» ДДҰ жобасы шеңберінде 2012 жылдың 22 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтта СӨС ҚО үйлестірушісі, ЖҚТБ алдын алу және күресу орталығының маманы және «Гедеон Рихтер» фармацевтикалық компанияның өкілі «Қауіпсіздік бағдары» атты тренинг өткізді.
Бүгін біз екі бекетке толығырақ тоқталмақпыз:
1 бекеті: АҚТҚ берілу жолдары
«АҚТҚ берілу жолдары» бекетінің басты мақсаты: АҚТҚ инфекциясын жұқтыру бойынша қандай өмірлік жағдайлар өте қауіпті, ал қандайлары қауіпсіз әрі оны жұқтыруға алып келмейтіндігі туралы нақты және ресми түрде танылған ақпаратты ұсындық. Қатысушылар өздіктерінен қауіпті жағдайларды білулері қажет. Стендте 3 сектор белгіленген: қызыл – жұқтыру қауіпі жоғары, сары – жұқтыру қауіпі орташа, жасыл – қауіптілік жоқ. Жаттықтырушы стендке сызбаны орналастырады және АҚТҚ инфекциясының берілуі мен АҚТҚ берілетін сұйықтықтарға назар аудартып, қатысушылардың алған білімдерін қорытындылайды.
АҚТҚ берілу жолдары:
- жыныстық қатынас арқылы;
- «қаннан қанға»;
- АҚТҚ жұқтырған анадан балаға.
«АҚТҚ берілетін ағзадағы сұйықтықтар»:
- қан;
- шәует;
- қынаптық бөліністері;
- АҚТҚ жұқтырған ананың сүті.
Жұмыс аяқталғаннан кейін біз қатысушылармен әр адам өзінің денсаулығымен және қауіпсіздігі үшін өзі жауапты деген бір шешімге келдік.
2 бекет: «Контрацепция әдістері»
Бекеттің мақсаты АҚТҚ инфекциясының аспектілері туралы, сонымен қатар АҚТҚ/ЖҚТБ ауруымен ауыратын адам кезігуі мүмкін проблемалар мен конфликтер туралы қатысушыларды ойландырту.
Модератор кейіпкерлердің өмірін жазар кезінде үнемі оларға келесі сұрақтарды қойып отырады:
• Кейіпкерлердің есімдері қалай?
• Олар неше жаста?
• Олар таныс па?
• Сіз қалай ойлайсыз олардың арасында қандай да бір байланыс бар ма?
• Егер бар болса қандай?
• Олар өздерінің бос уақыттарын қалай өткізеді?
• Олар достарымен араласып, кездесіп тұрады ма?
• Достары олардың АҚТҚ инфекциясын жұқтырғанын білгеннен кейін олармен қалай араласады?
• Олар спортпен айналысады ма?
• Олардың бұрынғы достары сол қалыпты қалды ма? Егер жоқ болса, жаңа достары пайда болды ма?
• Отбасы мүшелерімен қарым-қатынас қалай өзгерді?
• Оларға емделу мен қосымша күтім қажет пе?
Модератор қатысушыларды АҚТҚ инфекциясы жұқтырған адам өмірінің әр түрлі аспектілеріне әсер ететіндігін жеткізу тиіс.
