Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы, «Салауатты университеттер» ДДҰ жобасы шеңберінде 2012 жылдың 21 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтта СӨС ҚО үйлестірушісі, ЖҚТБ алдын алу және күресу орталығының маманы және «Гедеон Рихтер» фармацевтикалық компанияның өкілі «Қауіпсіздік бағдары» атты тренинг өткізді.
«Қауіпсіздік бағдарда» өз мінез-құлықтары мен денсаулықтары үшін жастардың жауапкершіліктерін арттыру мен қауіпті әрекеттерін алдын алуға бағытталған АҚТҚ инфекциясын, ЖЖБИ алдын алу және жоспарланбаған жүктілікті ескерту бойынша жастармен жұмыс істеу тәсілі ұсынылды.
Соңғы жылдары жасөспірімдер мен жастар арасында АҚТҚ инфекциясының таралуы індет сипатына айналды. Медицина саласындағы барлық жетістіктерге қарамастан АҚТҚ/ЖҚТБ ауруы әлі де болса дауасыз. АҚТҚ Әзірге екпі немесе емделу жоқ, сондықтан алдын алу жұмыстары ол төменде көрсетілгендер:
- ақпаратты тарату;
- өзінді және жақындарында қорғау;
- мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Аталған акция студент жастары арасында АҚТҚ инфекциясы мен есірткі індеті жағдайында жастарға денсаулықтарын сақтап қалуға мүмкіндік беретін АҚТҚ/ЖҚТБ алдына алу және дағдыларын дамыту шеңберінде оқыту қызметін жетілдіру мақсатында өткізілді. Интерактивті әдістерді қолдану балаларға белсенді қатысуға және материалды есте жақсы сақтауға мүмкіндік береді. Бағдардың тағы да бір оң жағы «тең-теңімен» қағидасы бойынша студенттердің басқаларды үйретулері.
