2012 жылғы спорттық құзға өрмелеу бойынша Қазақстан Республикасы Жасөспірімдер мен жастар кубогының 2 кезеңі «Астана Мега Орталығы» СОО «Құзда» 17-19 ақпан аралығында өтті.
Жарыс мақсаты: Қазақстанның мықты спортшыларын анықтау, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы негізінде жастар арасында құзға шығу мен салауатты өмір салтын дәріптеу.
Ұйымдастырушылары: ҚР альпинизм және құзға шығу федерациясының Астана қаласындағы филиалы, Жас туристер станциясы, Астана қаласы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру оратлығы» ЖШС.
Жарысқа Қазақстанның 8 аймағынан: Астана, Алматы, Петропавловск қалалары, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 180 жас спортшы қатысты.
Жас мөлшер бойынша 4 топ: юниорлар – 1994-1993 ж.т., жоғарғы топ – 1996-1995 ж.т., орта топ – 1998-1997 ж.т., бастауыш топ – 1999 ж.т. және одан кіші.
Жарыстың бірінші күні, 17 ақпан – жылдамдыққа өрмелеу (жұптасып жарысып жеңілген шығып отырады), 18, 19 ақпан – кедергіге өрмелеу (жартылай мәре және мәре).
Жоғарғы топтың ұлдар арасында ең жылдам болып, спорт шеберінің кандидаты (сшк), Жастар әлем чемпионатының финалисті, 2-м жол жылдамдығы бойынша 12 м рекордты құзда көрсетумен 2011 жылғы Германияда өткен Жастар Еуропа Кубогының жеңімпазы Маймұратов Әмір жеңімпаз атанды. Қыздар арасында аталған топта жылдамдықпен және қиындыққа өрмелеу бойынша жақсы нәтижені Қарағанды облысының спортшысы Молчанова Жанна көрсетті. Ал, ұлдардағы қиындыққа өрмелеуде, осы топ бойынша, сшк, Шотландияда 2010 жылғы Жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисті Рябов Игорь жеңіп алды.
Кіші топ арасында жеңімпаздар мыналар: жылдамдыққа – Алматы қ. командасынан Имбрайымбаева Айдана, қиындыққа өрмелеу – ОҚО Газиева Мухлисахон; жылдамдық пен қиындыққа өрмелеуде – Астана қаласының «Жігер» командасынан, 2009-2011 ж.ж. Жастар арсындағы ойындардың бірнеше дүркін чемпионы Маймұратов Санжар иеленді.
Орта топ арасында жақсы нәтижелерді Қарағанды облысынан келген Мурада Алишер және Астана қаласының «Жігер» командасынан сшк, Сингапурдағы 2011 жылғы Жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы Марленова Әсел алды.
Юниорлар тобында қыздар арасында: ең жақсы жылдамдықты – Астана қаласының «Жігер» командасынан сшк, Жапон еліндегі 2008 Азия чемпионы, Сингапурдағы 2011 жылғы Азия чемпионатының қола жеңімпазы Кенжеахметова Раушан; қиындыққа өрмелеуде Астана қаласының «Жігер» командасынан Шалапина Екатерина жеңді. Ұлдар арасында ең жылдам Астана қаласының «Жігер» командасынан Сингапурдағы 2011 жылғы Азия чемпионатының қола жеңімпазы Архипов Владимир, ал қиындыққа өрмелеуде Алматы қаласы командасынан Назаров Алексей жеңді.
Командалық есепте Астана қаласының «Жігер» командасы жеңді – 19 медаль алды; 2 орынды Алматы қаласының командасы – 11 медаль алды; 3 орынды – Қарағанды облысының командасы – 8 медаль; ОҚО – 7 медаль және Қостанай облысы 3 медаль алды.
Салауатты өмір салтынның алғыс хаттары осы жарысқа қатысқан жас құзға шығушыларға бұйырды, олардың жасы бар жоғы 8-де; сонымен қоса құзға шығудың «Ханшайымы» және «Ханзадасы» аталып өтілді, келесі номинациялар: «Ең үздік техника», «Жеңіске ұмтылысы үшін». Қатысушылар мен әділқазылар СӨСҚ орталығынан футболкаларды сыйға алды.
