Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы, «Салауатты университеттер» ДДҰ жобасы шеңберінде 2012 жылдың 17 ақпанында Д. Қонаев атындағы университетінің колледжінде «ЖРВИ мен тұмауды алдын алу» атты тақырыпта семинар өтті.
Тұмау — адамдарды жынысы мен жасына қарамай, зақымдайтын ауыр вирустық инфекция. Бұл күрт токсикозбен және ринит, мұрынның бітелуі және бронхілердің зақымдайтын жөтел сияқты клиникалық көріністермен сипатталатын жіті ауру.
Тұмауды Сізбен тығыз қарым-қатынастағы адамнан жұқтырып алуыңыз мүмкін. Жұқтырған сәттен аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына дейінгі уақыт аралығы өте қысқа болуы мүмкін – небәрі бірнеше сағат.
Тұмау вирусы өте оңай беріледі. Ең кең таралған берілу түрі – ауа-тамшы жолы. Сондай-ақ ауру тұрмыстық жолмен, яғни күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар арқылы жұғуы мүмкін. Жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде науқастың немесе вирус тасушының мұрын-жұтқыншағынан ауру тудыратын микрофлорамен, соның ішінде тұмау вирусымен сілекей, сілемей, қақырық шығады. Науқастың айналасында аэрозолді бөлшектердің жоғары концентрациясы бар жұқпалы аймақ пайда болады. Олардың шашырап таралу қашықтығы, әдетте, 2-3 метрден аспайды.
Аурып қалмас үшін, не ісеу қажет?
Жыл сайын емханада екпе жүргізіледі, егуге барғаныңыз дұрыс.
Біріншіден, шынығу.
Екіншіден, белсенді өмір салты маңызды. Бұл қорғаныш жүйесіне де жақсы әсер етеді.
Үшіншіден, суық тигізіп алмаған дұрыс, маусым бойынша киінген. Бас киімсіз жүрмеу, жылы киіну немесе тиісті аяқ киім.
Алдын алу шараларына ақуыз, май, дәрумендер саның арттыру қажет. Қысқы кезде сарымсақ, пияз, жаңа піске жемістер жеңіз.
