Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымында төрағалылық ету шегінде 2011 жылғы 29 қыркүйектен бастап Денсаулық сақтау министрлерінің Үшінші Ислам конференциясы өзінің жұмысын бастады.
Біздің мемлекет үшін маңызды іс-шараға басқа да медициналық ұйымдармен қатар Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығы, Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы белсенді қатысты.
Аталған іс-шараға салауатты өмір салтының әр түрлі аспектілері бойынша ақпараттық-білім беру, бейне-материалдар ұсынылған.
Конференция өзінің жұмысын 2011 жылғы 1 қазанда аяқтайды. Біз Конференция сәтті өтетініне және оның алдына қойылған мақсаттарға жетуіне сенімдіміз!
Фотогалерея