«Темекі шегуден бас тарту күні» атты акция
05.12.2011 14:32

2011 жылдың 4 желтоқсанында Астана қаласы Әкімдігі, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталғы Астана қаласының тұрғындары үшін «Темекі шегуден бас тарту күні» атты акцияны өткізді, ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналды және «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» - 20 жұлдызды күн шеңберінде өтті. Акция адамдар көп жиналатын жерде: «Керуен» сауда-ойын сауық орталығында өтті.

Темекі шегуді алдын алу бойынша барлық мүдделі органдардың қызметін белсендіру мақсатында, «тең теңімен» қағидасы бойынша темекі шегудің зияндылығы туралы өскелен ұрпақтың ақпаратпен қамтамасыз етуді жоғарылату.

«Темекімен күрес жөнінде ДДҰ негіздемелік келісімі» – ДДҰ аясында қабылданған ең алғашқы келісім, ол жаһандық темекі індетіне жауап ретінде әлемнің барлық мемлекеттерінің өкілдерімен әзірленген. ДДҰ мәліметтері бойынша, темекі шегу өлімнің негізгі ескертілген себебі болып табылады. Биыл миоркард инфаркті, инсульт, обыр, өкпе және басқа да темекіні пайдаланумен байланысты аурулардан 2 миллионнан астам адам көз жұмуы мүмкін. Бұл санаққа 600 000 адам, олардың бір бөлігі ретінде балалар мен енжар темекі шегетін адамдар санының өлімі енгізілмеген.

Қазіргі кезде Астана қаласындағы сауда-ойын сауық орталықтары жастар арасында әйгілі, олардың қатарында «Керуен» СОС орталығы да бар. Жастар үшін аталған жерде, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының «Арман қала» жастар денсаулық оратлығының еріктілері «Темекіден бас тарту күні» атты акция өткізді.

Аталған акцияның басты қызығы қойылымының барлық кезеңдерінде және өтуінде жасөспірімдердің тікелей қатысуы.

«Тұмар» практикалық психологиялық орталықтың «Ақ пен қара» театрының актерлері жасөспірімдер. «Өзіміз және бөтен» қойылымында әуен және би көмегі арқылы темекі шегу проблемасы шешіледі.

«Арман қала» ЖДО еріктілері көрермендермен салауатты өмір салты туралы мақал-мәтелдер білулеріне викторина өткізді, ал «Алтын Арай» ЖДО еріктілері «Аралшық» ойыны өтті.

Акция қатысушылары тек қана «Тұмар» практикалық психологиялық орталықтың «Ақ пен қара» театрының сахынасын ғана көрген жоқ, сонымен қатар қазіргі заманғы әндерін, «Багуа-кунфу» мектебінің көрінісін тамашалады. Жалпы акция қызық әрі жақсы өтті.

Акцияның концерттік бөлімінде қатысқандар:

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Арман қала» жастар денсаулық орталығы;
  • «Тұмар» практикалық психологиялық орталықтың «Ақ пен қара» театры;
  • Багуа-кунфу мектебі;
  • «Право» ҚҚ әлеуметтік-психологиялық орталық;
  • №2 қалалық емхана Жастар денсаулық орталығы «show.pro» үйірмесі.

 

Біздің сауалнама

Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз бa?
 

Серіктестер

Молодежный центр здоровья города Астаны
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы